» » » Жазушы мерейі – халық мерейі

Жазушы мерейі – халық мерейі

Көрнекті қазақ жазушысы,абыз тұлға, жерлесіміз Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жоғары үкімет марапаты – Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болуы – бір ғана оның өзіне емес, тәуелсіз Қазақ еліндегі барлық қара орман халқына көрсетілген зор құрмет деп білеміз. Өйткені жаны жайсаң, жүрегі даладай кең абыз жазушыны осы даласынан және оны мекендеген ақ жүрек халқынан бөліп-жарып айтуға болмайды.
Әбдіжәміл Нұрпейісов – Арал теңізі мен Сырдария өзенінің арнасы толық, айдыны кең, буырқанып тұрған шағыңда дүниеге келген, кеңдік пен кемелдіктің, дархандық пен тереңдіктің нағыз қайнар бұлағынан нәр еміп өскен, оның жемістерін ой-сезім, жүрек, қалам қайраты арқылы қалың оқырман қауымын жауһар дүниелерімен жарқырата көрсеткен және де ол дүниелерін әлем әдебиетінің інжу-маржандары санатына қоса білген қарымды да, дарынды қаламгер. Басқасы басқа, бір ғана «Қан мен тер» трилогиясы – қазақ әдебиетінің маңдайалды туындыларының бірі болып қала беретіні хақ.
Жоғары марапат барша оқырман қауымына да құтты болсын!
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын
04 қараша 2019 ж. 1 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031