» » » Дарақылық пен даңғойлық

Дарақылық пен даңғойлық


Ақыл-парасат пен терең ой азшылыққа айналып, жайдақталған кезең. Рас, бүгінде «мен» деп кеуде соғатындар көбейді. Өзін кез келген жерге тықпалап жақсы атты болғысы келеді. Әсілі, менмендікке салынып жақсы болғандарды көз көріп, құлақ естіген жоқ. Керісінше, қоғам мұндай жандарды шетте қалатынын дәлелдеумен келеді.
Әңгімеге арқау болған мына жайт. Жексенбілік демалыстың бірі. Көше бойында әрдеңені ойлап келе жатқан бетім. Телефонмен айқайлап сөйлескен әйелдің даусы еріксіз ойымды бөліп жіберді.
«Оны кезінде жұмысқа тұрғызған мен едім. Қазір соны ұмытты. Әркімге жалпақтап жүріп жасаған жақсылығыма айтқан рақметі осы ма?» деп жекіп қоя берді. Апырай-ау, ә? Көшеде айқайлап бейәдептік танытқаны бір бөлек, істеген жақсылығын міндетсінгені қалай? Рас қой, қазірде көбі дегенің жақпай қалса, бүкіл жиған-терген өкпе-назын, әлгіндей жақсылығын айтып қоя береді. Бұл қай сасқанымыз? Сәл ойланайықшы. Біреуге жанашырлық танытып, алғыс алсаң жаның семіреді. Мұны міндетсіну барып тұрған дарақылық емей немене?
Жасырып қайтеміз, даңғойлық пен мақтаншақтық қанымызға сіңген жаман әдетке айналып барады. Өкінішке қарай, кейінгі кездері бұл ауруды тым асқындырып алдық. "Мен бүйтіп едім, сөйтіп едім" деп даңқойлыққа салынып, кеуде керетіндер көбейді. Айналадағы кей адамдардың "мен" деп ынсапсыздыққа салынғанын қалай түсінерсіз. Дана халқымыз да «Ынсапсызда ұят болмайды» деп текке айтпаса керек-ті. Демек, ынсапсыз иманнан қалас. Ал иманнан кетсе, адами қасиеттен ада болары анық қой.
Түйін
Бүгінгі заманда даңғойлық пен кердеңдіктің керегі жоқ. Дандайсытқан даңқой да дарақы ынсапсыздық адамға не істетпейді? Ақшаны да шашады, елге күлкіге де қалады. Кімге опа, кімге пайда?
Ақнұр САҒЫНТАЙ
02 желтоқсан 2020 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 321

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 416

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930