» » » Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе

Қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны – ұлы Абай атамыздың жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері күллі әдебиет тарихында бұрын-соңды болмаған ірі құбылыс. Ақынның қай өлеңін алсақ та педагогикалық ой-пікір мен тәлім-тәрбиенің, даналық пен өмірлік сабақтастықтың ұштасқан қайнар көзі екенін аңғарамыз.
Абайдың әрбір өлеңі балаға жан-жақты тәрбие беруді ойластырады. «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Бойы бұлғаң» өлеңдері балаларды ғылым-білім үйренуге шақырып, адам бойында кездесетін жақсы, жаман қасиеттердің жігін түсінуге жетелейді.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан» деп жас ұрпақтың бойында жақсы өнерді қалыптастырып, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен нан тауып жеуін уағыздайды. Ол үшін қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақыл керек екенін тағы ескертеді.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
«Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз» деп адамның адамгершілікке жатпайтын жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, адам болу үшін бес нәрсеге асық болып, бес нәрседан қашық болу керектігін айтады. Бос күлкі, өтірік, өсек, жалқаулық, дүниені босқа шашу, мақтаншақтықтың түбі жақсылыққа апармайтынын түйіндесе, рақымшылық, терең ой, талап, еңбек, барға қанағат ету қасиеттерінің адамға қажеттігін аңғартады. «Адам болам» деген адамзат баласы жаманынан жиреніп, жақсысынан үйренуі тиіс екендігін кесіп айтады. Өйткені, бойыңда жақсы қасиетің болмаса, онда ғылым үйренудің түкке тұрғысыз дүние екенін дәлелдейді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы» – деп тіл тазалығын сақтау, бөтен сөзбен тілді ластамау керек екенін түсіндіреді.
Абай өлеңдердерінің мәнін, мағынасын түсініп мәнерлеп оқуда нақышына келтіріп республикалық, облыстық байқауларға қатысып жетістіктерге қол жеткізген оқушыларымды айтпасқа болмас. «Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында өткізілген «Үкілі үміт» атты фестивалінде бас жүлдені Нұрай Нұрлыбекқызы, Дамир Ерболат, Ерсін Сәндібеков, Ғибрат Райымбеков иеленсе, ал I дәрежелі дипломмен Мақпал Жаңабай, Расила Нұрлыбекқызы, Ұлықбек Амановтар марапатталды. Осындай оқушыларымыздың жетістіктерге қол жеткізгені біз үшін үлкен қуаныш.
Абай өлеңдері барлық оқырман үшін де үлкен тәрбие мектебі. Өлеңдерін оқи отырып, адамгершілік мінберіне көтерілесің, өзіңді-өзің тәрбиелейсің. Абай өлеңдерінен тәлім-тәрбие алу, оны ұғынып бойына сіңіре білу – бүгінгі ұрпақ алдындағы үлкен міндет. Сол үшін «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген сөз әрбіріміздің ұстанымымыз болуы қажет.

Бақыткүл МЫРЗАЛИЕВА,
№107 мектептің мұғалімі,
Дүр Оңғар ауылы
02 желтоқсан 2020 ж. 2 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031