» » » Сенімге селкеу түспесе...

Сенімге селкеу түспесе...


Біз үнемі бір дүниеге сеніп өмір сүреміз. Бәлки ертеңгі күнге, болашаққа зор сеніммен қарайтынымыз болар. Басқасы басқа, әуелі адам өзінің істеген маңдай терді еңбегіне сенеді. Еткен еңбегі адал болса сенімінің алдамасы анық. Ал бойында адалдығы бар жан сенімге селкеу түсіре қоймас сірә?!
Жақында мынадай бір жәйдің куәсі болдым. Банкоматта ұзын-сонар кезек. Әдеттегідей ай сайын келетін "пенсияның уақыты". Мұндай сәтте ертеден қара кешке дейін адам үзілмейді. Жақын-жуық ауылдан да адамдар ағыла келіп жатады. Сондай бір ауылдан келген адамнан соң кезекті алғам. Әлгі апаның кезегі жақындағанда алдындағы кісіге "қызым, менікін де алып бере қойшы" деп өтінішін білдіріп жатыр. Орта жастағы келіншек келісімін беріп:
– Апа, құпия сөзіңіз қалай?
– ....
– Ішінде 112 мың бар екен. Қанша алу керек еді?
– 62 мыңын алып бере қойшы. Қалғаны тұра берсін.
– Жарайды. Күте тұрыңыз. Мінеки, ақшаңыз, – деп ақшаны апаның қолына ұстатты да әлгі келіншек көз ілестірмей кетіп қалды. Ақшаны алып, сөмкеге салып жатқанда:
– Апа, банк картасын берген жоқ қой. Не қарап тұрсыз, тездетіп соңынан жетіп алыңыз, – деді жалма-жан кезек күтушінің бірі.
Таксиге мініп соңына түссе де манағы келіншекті таба алмады. Аңғал апамыздың ақшасын алып, аузын ысып кеттім, деп ойлады-ау сірә. Апа қайта айналып жаңағы жерге келді.
– Енді не істесем екен?
– Ойланатын түгі жоқ, банк бөлімшесіне барып картаны бірден бұғаттап тастаңыз. Сонда ешкім ақшаны шешіп ала алмайды, – деді.
Апа көп іркілмеді. "Апырай-ау, ә? Осылай істеуге болушы ма еді? Қазіргі жастардың білмейтіні жердің түбінде ғой. Айтқанын істеп көрейін" деген шешімге келді. Сананы тұрмыс билеген шақта баладай сенгіштігінен опық жеп қала жаздады-ау. Десе де картадағы қалған ақшасын әлгі келіншектің арам ойынан сақтап қалды.
Иә, басың мен қолың алтын болса да, арамдық алға бас­тайды. Адамгершілік пен ізгіліктің зымиян аярлықтың алдында әлсіз болуы – бейкүнә сенгіштік те емес пе?
Кей адамның түбіне жеткен сол сенгіштігі болар. Ал көрінгенге себепсіз сене беруге әсте болмайды. Сенгіштікті өз икеміне бейімдеп алғандардың бүгінде "жолы" болып тұр.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
14 қараша 2020 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031