» » » Рухани ұстаз – Әбу Насыр әл-Фараби

Рухани ұстаз – Әбу Насыр әл-Фараби

2020 жыл жаңалықтарға толы, рухани қазынамызды байытар ұлы тұлғалардың жылы болып атап өтілуде. ЮНЕСКО көлемінде ұлы философ, ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы, Ұлы ақын, хакім Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойлары Қазақстанда әлем халықтарымен бірге аталып өтуде.
Әл-Фарабидің ерекше тұлға екені, оның дүниежүзілік мәдениетке қалдырған мұрасы туралы ауылдық кітапхананың кітапханашылары түрлі мәдени шара арқылы кеңінен насихат жұмыстарын жүргізуде. 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түрки – ұлы ғұлама, энциклопедист, түркі, ислам философиясының жарық жұлдызы, әлем философиясының заңғар тұлғаларының бірі. Ғұлама ғалымдығының арқасында әлемге танымал болған жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабиді әлем ғалымдары Аристотельден кейінгі Шығыстан шыққан «Екінші ұстаз» деп мойындады. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында болып, оқып, еңбек етіп, білімін жетілдіріп отырған. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның айналысқан ғылым салалары – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия, медицина. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала және оның тұрғындарының көзқарастары» деп аталатын кітабында қайырымды қаланың әміршісі адал, әділ болып, қала тұрғындары бай, кедей деп бөлінбей бақытты өмір сүретін болады деп тұжырымдайды. Оның «Музыка туралы» ұстазы Аристотельдің әлеуметтікқоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан «Кемеңгерлік меруерті», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» атты шығармаларын жазды. Фараби бұл еңбектерінде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы пікір, пайымдауларын айтады. Әл-Фараби араб, парсы, грек, сирия, түрік секілді ондаған тілдерді білген. Оның дәлелі – оның жазған еңбектері. 941 жылы аты мәлім болған белгілі ғалым ретінде әл-Фараби Дамаскіге көшіп келіп, қалған өмірін осы қалада, ғылыми жұмыстармен айналысумен өткізген. 950 жылы Дамаск қаласына да қала халқы оны үлкен құрметпен соңғы сапарға шығарып салып, патшалар қасына құрметті орынға жерлеген.
2020 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалып оқуға ұсынылған белгілі қаламгер Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» шығармасының негізгі кейіпкері – Әбу Насыр әл-Фараби. Шығарма өте қызықты, оқуға шақырамыз. Ғұлама бабамыздың мыңдаған жылғы еңбектері бүгінгі ХХІ ғасырдың ұрпақтарының да қажетіне жарап, рухани құндылықтары мен рухани ұстазына айналып отыр.
Құндызай ДАЛДАБАЕВА,
Тұрмағамбет ауылдық модельді кітапхана жетекшісі
09 қараша 2020 ж. 1 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031