» » » Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Әсілінде, қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзінің маңызын мен мына бір көріністен ұғындым. Кенттегі темір жолдың арғы бетінде «құсқана» атанып кеткен жерде тұрған Мұсағали Өскелеңов деген бағбан кісіні бүгінде танымайтын жұрт жоқ шығар, сірә?! Оның еккен әрбір талы тұрғындарға сая болып, жеміс ағаштары кентке көрік беріп тұр. Өкінішке орай, ағамыз түйе қарап кеткен. Анадайдан аулада ну болып жайқалып өсіп тұрған ағаштарды көріп, жақындай түстік. Иә, бұл біз айтқалы отырған бағбанның үйі. Қорасында өзі өсірген түрлі жеміс ағаштарының қыр-сырын зайыбы Ұлбосын ападан естідік.

Біз келгеннен құшақ жая қарсы алған отанасы әңгімесін бастады. Арасында көз жасына ерік беріп, ағамыз еккен талдарға жанашырлығын жеткізіп, қисайған бұталарын түзеп қояды.
– Азанда ерте тұрып жайқалған баққа көз тастаймын. Оның еккен әрбір талымен тілдесіп, сырласамын. Бірде күндегі әдетіммен баққа кірсем, ағаңның алма мен алмұртты будандастырып отырғызған ағашы сынып қалыпты. Ана қорадағы бұзау сүйкенсе керек. Өзі жалғыз түп еді, әкеміздің көзі деп балалары мәпелеп жүрген. Содан көз жасымды бір сығып алып, Қалидан көргенімді жасап, қайта отырғыздым. Бұлар да тіршілік иесі ғой, жаным ашиды, – деді Ұлбосын апа.

Жасыл бақта жемістің түр-түрі бар. Ауланың екі бетіне бөліп еккен ағаштарды санап тауыса алмайсың. Кезінде бұл жерді сатып алғанда сор болған. Жерді өңдеп ағаш отырғызса да ол ұзаққа бармай қурап қала беріпті. «Қайтсем де осы жерді көктетемін» деп өзіне серт берген Мұсағали ағамыз басқа жақтан жердің қыртысын әкеліп төгіп, оған көң тастап, тыңайтқыш сеуіп жандандырыпты. Міне, жайқалған бақ соның дәлелі. Мәуелі ағаштың астында тұрып қанша тыныстасаң да жасылдың ауасын жұтқың келе береді ғой, шіркін! Қали ағамыздан көшет алып, бүгінде қорасын көктеткендер көп. Ол кісі жеміс талын берерде «ағашты өлтіріп алмайсың ба? Егер қуратып өсіре алмасаң қатты ренжимін» дейді екен. Сол кезде әлгі көшет алғандар ағамыздан ұялғаннан, талын күнде суарып, көктетіп шығарады. Тіпті жеріне көк шығара алмай жүрген кент тұрғындары ағамызды үйінде отырғызбай, жерін көрсетіп, кеңесін сұрайды. Ол кісінің ақкөңілділігі соншалық, жас балалар келіп «аға жүзімімді қиып беріңізші, аға мынаны қарап жіберіңізші» дегендердің көңілін қимай, қолғабысын көрсететін көрінеді.– Бірі білсе, бірі білмес. Мына №105 мектептің айналасында бұрын мүлдем тал болмаған. Менің жолдасым сол оқу орнында оператор болып жұмыс істеген жылы айналасына қолдан арық қазып, су тартқан. Сол кезде көптің көкейінде «бұл жерді көктете ала ма?» деген күмән болыпты. Мұсекеңнің намысқа тырысқаны соншалық, мектептің айналасын талға, ауласын гүлге көмкерді ғой. Одан бөлек кент сыртындағы резиденция ішіне ағаш егіп, жайқалтқан да осы ағаларың, – деді апамыз жүзі жадырай.
Көпшілік Қали атап кеткен бағбанның бір жақсы қасиеті ауласына тал отырғызып, көкөніс еккенде қасынан зайыбын тастамайды екен. Ауданды көркейту-көгалдандыруда оның сіңірген еселі еңбегі көп. Тілдесуге тілшілер қауымы келсе, апамызды қасына ерте шығып, жанынан бір елі қалдырмапты. Апамыз «Мені қайтесің? Өзің түсе берші суретке» десе «Осының бәрі сенің арқаң ғой» деп ілтипатын көрсететін.
Биылғы піскен жемістер, қызанақ, қарақаттан әулетке жаңа түскен жас келін Салиха Закирова түрлі тосап қайнатып алыпты. Әңгіме барысында тәтті сусын мен тосаптан да дәм таттық.Бақтан шығарда бағбанның шарбақта сүйеулі тұрған иесіз құралдары көзге оттай басылды. Жо-жоқ, ол иесіз емес. Артында қалған ұрпағы әке бастаған істі аяқсыз қалдырмай, жолын жалғастырары сөзсіз. Біз осыны көзбен көріп, көңілге түйіп қайттық.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
(сурет автордыкі)
13 қазан 2020 ж. 5 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031