» » » Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы

Еліміз егемендік алғаннан бері басынан бірнеше сындарлы кезеңдер өтуде. Елбасы «Мемлекеттік тіл – халықты біріктіруші басты фактор» екенін, оны ұлттың ұйтқысы ете білу керектігін айтқан болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін» деді.


Халқымыздың арғы-бергі тарихындағы ұлт зиялылары, елдің көшін бастаған көрнекті тұлғалар мен ғалым, ақын жазушылары ұрпақты ұлт тілінде тәрбиелеуге қызмет етті.

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесі тойланып келеді. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі десол елдің ана тілі болмақ.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамда туған тілге жанашыр азаматтар ана тілін ардақтап, тіл тағдырының жауапкершілігін арқалап, қазақ тілінің төрге шығуына атсалысып белсенді жұмыс істеуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ана тіліміздің қадір-қасиеті артып, рухани қазынамыз толысты. Қай кезде де адамды мұратқа жеткізетін ата дәстүріміз бен тіліміздің мәртебесін іске асыру басты мақсатымыз болмақ. Айналасын тануға ұмтылған адам баласы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным- түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болмысы қалыптасады. Бала бір мүшелден асқанша өзінің ана тілінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады. Оның бойына ұлттың қасиеті дариды. Жаһандануға ең алдымен ана тілі арқылы санаға сіңетін ұлттық өнеге, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие, бір сөзбен айтқанда халық педагогикасы арқылы қарсы тұра аламыз. Яғни, тектілік тек ананың сүтімен келіп, ана тілімен одан әрі дами, өсе түседі. Ал халқының қасиеті өз бойында жоқ ұрпақ ұлттық құндылықтарды қастерлемейді, сол себептен де оны қорғап, ұлтқа адал қызмет етпейді. Жыл сайын тіл мерекесіне байланысты шараларды өткізуде аудандық білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, денсаулық сақтау мекемелері, Қармақшы аграрлы колледжі, кітапхана, тағы басқа көптеген ұйымдар белсенділік танытып келеді.

Осы орайда, «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымы және оның мекемелердегі, мектептердегі бастауыш ұйымдары аудандық мәдениет, білім бөлімдерімен,кітапханалармен, мектеп, балабақша ұйымдарымен бірлесе отырып, халықтың салт-дәстүрін, шешендік сөздерін дәріптейтін түрлі іс-шараны және де пандемия кезінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ұлы даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы – Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған шаралар онлайн түрінде өтті. Тілді дамыту мәселесі бесіктен басталатыны анық. Адам өзінің адам болып дүниетанымын қалыптастыратын ақпараттың көпшілігін мектеп жасына дейін алып үлгереді. Демек бала тілінің негізін үйінде, балабақшада 6 жасына дейін қалыптастырады. Сондықтан да бүгінгі бала тәрбиесінде отбасы мен балабақшаға айрықша маңыз беріп отырғаны тегін емес. Аудандық филиалдың бастауыш ұйымдарының жұмыстарына пайдалану үшін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы дайындаған көрнекілік және насихат жұмыстары үшін плакаттар сериясын, «Тіл сақшысы – намыс қамшысы» кітабы таратылды.

Мемлекеттік тілімізді, яғни ана тіліміздің мәртебесін арттыра түсуде, елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап, еселі еңбек етіп, маңдай тер төккен, қаны мен жанын аямаған азаматтарды ұрпақтары ұлағат тұтуға, жер-су атауларының, елді мекендер мен олардағы көшелердің аттарының, әр көше, жол бойларындағы, әр бұрылыс айналымдағы жарнама, хабарландыру маңдайшадағы жазулардың нағыз қазақи болуы тұрақты түрде назарда ұсталуда. Бұл бағытта әкімдік пен ономастика комиссиясымен, ауылдық әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс жүруде. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі. Тіл – халықтың қазынасы. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімімен байланысты. Ешкім сырттан келіп, қазақ тілінің көсегесін көгертпейтінін білеміз. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Біздің барлық іс-қимыл әрекетіміздің, тәрбиеміздің түп қазығы әрбір жас буын өзінің елі мен жерін, Отанын , тілін, салт-дәстүрін құрметтеп, жан-тәнімен сүйетіндей болуына қол жеткізу. Жастарымыз «қайтсем өз еліме абырой әкелемін деген азаматтық позицияда болса, еңбегіміздің ақталғаны. Сондықтан елге, тілге деген құрметпен біз бен сіз болып жұмыс істеу арқылы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін асқақтатайық.

Гүлжауһар РАЕВА,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы
05 қыркүйек 2020 ж. 1 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031