» » Ұстаз - ұлт мақтанышы

Ұстаз - ұлт мақтанышы

qarmaqshy-tany.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қоғамда көптен айтылып келе жатқан мемлекеттік тілдің рөлін арттыру мәселесіне ерекше мән беріп, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келетінін айтты.
Осыған орай бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыру мақсатында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалында ұстаздар күні мерекесіне арналған, «Ұстаз - ұлт мақтанышы» атты кездесу кеші өтті. Филиал төрайымы Күлжауһар Раева ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде белсенді тіл жанашыры болып жүрген қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлетуде және «Баланы әуелі мейір-шапағатқа, содан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» деген халық даналығының бастауында болып еліміздің болашағы жас бүлдіршіндерді тәрбиелеп, білім беруде елеулі үлес қосып аудан жұртшылығының жоғары құрметіне ие болған «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымдарындағы бірқатар сала мамандарына алғыс хат табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Халықаралық
"Қазақ тілі" қоғамы аудындық филиалы
10 қазан 2019 ж. 1 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930