» » » Үйінен музей ашқан зейнеткер

Үйінен музей ашқан зейнеткер


70 жастағы атыраулық Ғалымжан Мұқашевтың өз үйінен ашқан музейі бүгінде келушілерді өткен дәуірмен байланыстыратын ғажайып орынға айналған. Зейнеткердің жеке қорындағы 100-ден астам жәдігердің көбі – ретро стильдегі бұйымдар. Ғалымжан қария көргеннің көз жауын алатын бұл ғажайып дүниелерді жас кезінен жинай бастапты. Уақыт өте хоббиі шағын музейдің ашылуына түрткі болған. Бұл жерде телевизор мен радио-қабылдағыштың, сағат пен музыкалық аспаптың бірнеше түрі бар. Ескі фотоаппараттарды да кездестіруге болады. Бәрі қаз- қалпында сақталған. Жүздеген мұрғаттардың ішіндегі ата үшін аяулысы – анасының көзін көрген мына ұршық.

Ғалымжан Мұқашев, коллекционер:

– Айналдырған кезде, жіпті салып отырады да, жіп мынаған жиналады. Анамның көзі ғой деп әкеліп қойдым. Немерелерім бар. Соларға мұра болып қалсын деген ниетте. Музей ашып, одан пайда көрейін деген ой жоқ. Тәрбиелік мәні бар деп есептеймін.


31 тамыз 2020 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 166
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 806

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031