» » » Мұрағат: Газет редакторлары жайында не білеміз?

Мұрағат: Газет редакторлары жайында не білеміз?


ЖОСАЛЫ, 24 маусым – qarmaqshy-tany.kz  Қозғаушы күш һәм қоғамдық пікір қалыптастыруда мерзімді баспасөздің алар орыны айрықша. Оның ішінде 88 жылдық тарихы бар «Қармақшы таңы» газетінің осынау уақыт аралығында бағындырған белесі аз емес. Біз өткенімізді ұмытпаймыз. Тарихымызды жадымызда сақтаймыз. Оны келер жаңа толқынға аманаттаймыз. 28 маусым - "жегені - жантақ, арқалағаны - алтын" журналистер күні. Айтулы датаға орай архивтегі мұрағаттан сыр шертпекпіз.


Тұңғыш редакторлар

Марқұм Жұмабай Есетов – аудандық газеттің тұңғыш редакторы. Қызметтегі ілкі адымын партиялық баспасөзде бастаған Жұмекең өмірінің соңғы күніне дейін өзінің күш-жігері мен творчестволық ынтасын партияға адал қызмет етуге арнады. Ол ұзақ жыл партия, совет аппаратында, шаруашылық орнында жемісті қызмет етті.
Шәкизат Дәрмағамбетов

С.Жарылқасынов арнаулы оқу орындарында оқып білім алмаса да қазақтың әдеби тіліне жетік сауатты адам болатын. "Менің тілге деген құштарлығым ауылда молда мектептерінде оқып жүргенімде басталған еді" деп әңгіме өрбітіп отыратын. Білімді молдалардан арабтың төте жазу қадым қарыптарын үйреніп алған соң сауат ашу мектептерінде латын, кириллицаға ден қоя бастадым.
1929 жылдан бастап кеңестік Қазақстандағы барлық басылымдардың латын қарпымен басылып шыға бастағаны белгілі. Қармақшы аудандық "Екпінді" газеті 1932 жылдың 12-ші сәуірінде жарық көрді. Басылымның тұңғыш редакторы Жұмабай Есетов, жауапты хатшысы Сахи Жарылқасынов.
Ол кезеңде елді сауаттандырып, олардың саяси ой- өрісін кеңейтудегі басылымның ықпалы өте зор. Осы бағыттағы партияның басшылық қызметін ерекше атап өткен орынды. 1934 жылы Жалағашта Қаракеткен МТС-і шаңырақ көтерді. Мұның ол аудандардың техникалық-өндірістік потенциялын көтерудегі нық қадам болатын. МТС-тің саяси бөлімі жанынан дербес басылым шығару қолға алынады. Жаңа басылым аты "Колхозшы" газет редакторы болып бұған дейін "Екпіндіде" қызмет атқарған Сахи Жарылқасынов тағайындалды.
Соғыс басталған кезеңде 1941 жылы Қармақшыға қайта оралып өзі есігін алғаш ашқан аудандық газет "Екпіндіде" редакторлық қызметті атқара бастайды. Бұл кезеңдегі газет атауы "Қызыл ту" болып өзгертілген еді.
Газет редакторлығын 1950 жылдың басына дейін атқарып, елде ауылдық кеңес қызметтерінің төрағалығына ауысты.
Сахи Жарылқасынов 90 жылға жуық тарихы бар Қармақшы аудандық газетінде ерекше қаламгерлік із қалдырған байыпты, сауатты, тәжірибелі редакторлардың бірі болды деп айтуға толық негіз бар.

Әзілхан Аманов 1930 жылы 17 қаңтарда Қазалы ауданына қарасты 12 ауылда дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін

Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогигалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетіне оқуға түскен.
Аталмыш жоғары білім ордасын 1953 жылы тәмамдап, еңбек жолын Қазалы ауданындағы №67 орта мектепте мұғалім болудан бастады.
1955 жылдан 1957 жылға дейін Қазалы аудандық "Социалистік жол" газетінде жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1957-1962 жылдары Жаңақорған аудандық "Екпінді" газетінің редакторы болды.
1958 жылдан СССР Журналистер одағының мүшесі.
1962-1963 жылдары Жаңақорған аудандық партия комитетінде нұсқаушы, лектор-консультант, партиялық ұйымдастырушы болып қызмет етті. Осы жылдары ауыл шаруашылығы техникумында сырттай оқып, зоотехниктік мамандық алды.
1963 жылы Қармақшы аудандық "Коммунизм шамшырағы" газетінде редакторы болып бекітілді. Осы қызметте ол 1990 жылдың қазан айына дейін 28 жылға жуық, яғни құрметті зейнеткерлік демалысына шыққанша қызмет етті.
Қарымды журналист Әзілхан Аманов өзінің кішіпейіл, қарапайым мінезі арқылы жолдастарының құрметіні бөленді. Ол бірнеше рет Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің мүшесі, аудандық Советтің депутаты болып сайланды. Отан алдындағы еңбегі үшін бірнеше рет КСРО медальдарымен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әзілхан Аманов 1991 жылы науқастан дүниеден озды.

Құндақбаев Шегебай 1951 жылы 7 сәуір күні Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген.
1968 жылы орта мектепті бітіріп, 1971 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға қабылданды. 1976 жылы унивеситетті бітірісімен Қуаңдария кеңшарындағы №186 қазақ орта мектебінде қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары болып, 1982 жылдан аудандық оқу бөліміне әдіскер, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, мектеп инспекторы қызметтерін атқарды.
1987 жылдан №186 қазақ орта мектебінің директоры болып, 1990 жылы Қуаңдария кеңшарында партком хатшылығына сайланды.
1992 жылдан 1996 жылға дейін «Дархан» өндірістік кооперативінің директоры, 1996 жылдан Қармақшы аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
1999 жылдан аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2002 жылдан аудандық «Қармақшы таңы» газетінің редакторы, 2004 жылдан Жосалы кентіндегі №105 қазақ орта мектебінің директоры, аудандық оқушылар үйінің әдіскері болып, аудандағы әр түрлі мәдени-көпшілік шараларға ат салысты.
2009 жылдан 2015 жылдың сәуір айына дейін аудан әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта зейнет демалысында.
Кеңес дәуірінде бірнеше рет ауылдық кеңестің депутаты,
1994 жылғы бірінші шақырылымда аудандық мәслихат депутаты болып сайланды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі. 2003 жылдан аудандық сайлау комиссиясының хатшысы. Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады, медиатор.
«Ұлт бірлігі – Қармақшы» этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ретінде ауданға Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы арқылы 2 жылыжай, ойын алаңы, тамшылатып суару құрылғысы, дыбыс жазу студиясы сияқты заттар әкеліп, халық игілігін көруде. Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырыстары негізінде Рухани жаңғыру, отбасы құндылықтары, қоғам және адам құқықтары тақырыбындағы жұмыстар жүргізді.
Отбасында 5 бала тәрбиелеп, барлығы жоғары білім алып, әр салада қызметтер атқаруда.
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдарымен, Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталған.
Қоғамдық пікірлері аудандық, облыстық, республикалық баспасөздерде жарық көріп отырады.
Басылымдар
«Қармақшы таңы» Қармақшы аудандық қоғамдық саяси газеті,
«Сыр бойы» Қызылорда облыстық қоғамдық саяси газеті, «Сыр дидары» қоғамдық-саяси, ақпараттық, діни-көпшілік газеті, «Тіл сақшысы» республикалық ақпараттық-танымдық басылым, «Төртінші билік» республикалық қоғамдық-саяси, ақпараттық-жарнамалық басылым, «Ардагер айнасы» ардагерлерге арналған республикалық газет. «Игілік» журналы.
Оның авторлығымен 2015 жылы Қуаңдария ауылының құрылғанына 50 жыл толуына байланысты «Құтты мекен - Қуаңдария» кітабы жарық көрді.
Аудан тарихына қатысты шығарылған «Қасиетті Қармақшы», «Жыр дүлейі – Дүр Оңғар», Қармақшы ауданының 80 жылдығына, 90 жылдығына байланысты шығарылаған «Қармақшы», сияқты бірнеше кітаптардың редакциялық алқасында болып, шығуына араласты.
Үсенов Алтай Үсенұлы 1954 жылы 14 желтоқсанда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Аудан орталығындағы №105 орта мектептi 1972 жылы бiтiрген. Сол жылы аудандық газетке (ол кезде «Коммунизм шамшырағы» деп аталатын) жұмысқа қабылданып, бiр жыл қызмет iстедi. Келесi жылы Алматы қаласындағы Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, журналист мамандығын алды.
Мектеп қабырғасынан бастап шығармашылық жұмыспен айналысқан. Жазған мақалалары мен өлеңдерi, дастандары сол кезден берi аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерiнде жарияланып келедi. Сексенiншi жылдар басында «Қарлығаш» (1980 жыл), «Тамшы дауысы» (1982 жыл) атты жинақтары және «Бастау» (1976 жыл), «Дария жыры» (1982 жыл), «Жүректегi жауһарлар» (2001 жыл), тағы басқа топтамаларда өлеңдерi жарық көрдi. 2017 жылы «Өміршебер» атты кітабы жарыққа шықты. 1980 жылы республикалық «Жiгер» фестивалiнiң лауреаты атанды. Өлеңдері қырғыз, татар тілдеріне аударылған.
Аудандық газетте ұзақ жыл қызмет етті. 1990 жылдан 2017 жылға дейін аудандық «Қармақшы таңы» газетiнiң Бас редакторы болды. «Қармақшы таңы» газетi «Президент Жолдауының талабы-бәсекеге қабiлеттi бұқаралық ақпарат құралдарын құру» атты II облыстық Медиа форумында «Аудан айнасы» номинациясымен ең үздiк аудандық басылым ретiнде танылған. Облыс әкiмiнiң 2008 жылғы стипендианты. Бiр мәрте аудандық Кеңеске, алты мәрте аудандық Мәслихатқа депутат болып сайланған. Халықаралық Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесi.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы. «Қызылорда облысына – 70 жыл» мерекелiк, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен «Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы», М.Шолохов атындағы медальдарымен марапатталған. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы.
Отбасылы. Екi ұл, екi қыз тәрбиелеп өсiрiп отыр. Тоғыз немересі бар.

Дастанбек Садық 1989 жылы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1996 жылы №109 орта мектеп табылдырығын аттап, 2007 жылы
тәмамдаған. 2009-2013 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетіне журналистика мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ең дарынды болашақ журналист» байқауына қатысып, екінші орын еншілеген. Сол жылы облыстық ғылыми ізденістер байқауында философия бағытында қатысып, жүлделі үшінші орын еншілеген. 2014 жылы «Ең үздік жас журналист» иегері атанды. «Сыр үміті» сыйлығын иемденген. «Ақмешіт жастары» газеті бас редакторының орынбасары. «Жас журналистер» клубының президенті. 2017-2019 жылы аралығында «Қармақшы таңы» газетінің бас редактор қызметін атқарды.
24 маусым 2020 ж. 2 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031