» » » Латын әліпбиі - қазақ тілінің жаңа белесі

Латын әліпбиі - қазақ тілінің жаңа белесі

Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбалaрынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы – қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі – aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Жүсіп, Ш.Құдайбердіұлы cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ әліпбиін жасaды. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жaзылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн әліпби қолданылуда. Қазіргі кездe мемлекетіміз лaтын әліпбиінe көшуге байланысты жұмыстарды атқаруда.



Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің oрны үлкeн. Сондықтан латын әліпбиінe көшу мәсeлесі кезек күттірмейтін міндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кирилица таңбалaрына негізделгeн әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне oң ықпал тигізетіні айтылып келеді. Оны бүгін қайта дәлелдеудің қажеті де жоқ.
Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70 процент елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт тағы басқа жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білдіреді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Осы орайда бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары көптеп ұйымдастырылып, айтылған ұсыныс-тілектер де қаперге алынуда. Осы ретте облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен түрлі семинар өткізілді.

Бәріміз білетіндей 2018 жылы 14 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика бойынша латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өткен еді. Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, сол кезде республикалық акция еліміздің барлық өңірлерін қамтыды және оған шамамен 2 млн.қазақстандық қатысқан. Осыдан-ақ, ел халқының латын әліпбиіне көшу ісіне белсенділік танытып отырғанын аңғаруға болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойғанын барша халық ыстық ықыласпен қабылдады. Бұл еліміздегі ерекше маңызды шешімдерінің бірі болды.

Әліпбидің алғашқы нұсқасына қоғам арасындағы талқылаудан кейін өзгерістер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен жаңа редакциядағы әліпби нұсқасы бекітілді.

Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылау өткізіп, ойларымен бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды» деп айтты.

Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелер оң шешіледі деп ойлаймын. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшу –ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр» деуінің де аса мәні зор.


Райкүл ҚАРАТАЕВА,
облыстық тіл орталығының
оқытушысы
16 маусым 2020 ж. 2 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031