» » » Пайғамбардан бата алған құс

Пайғамбардан бата алған құс

ЖОСАЛЫ, 9 маусым – qarmaqshy-tany.kz ҚАРЛЫҒАШ. БҰЛ ҚАСИЕТТІ ҚҰС ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ ЖЕТЕРЛІК-АУ, ШІРКІН! ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҚАЛАМ ТЕРБЕСЕҢДЕ ШАБЫТЫҢДЫ КӨККЕ ШАРЫҚТАТАРЫ СӨЗСІЗ. ЖҰДЫРЫҚТАЙ ҚҰСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ЕМІРЕНЕ ҚАРАҒАН БАРША ҚАЗАҚ ОНЫ КИЕЛІ САНАП, ЖАҚСЫ КӨРЕДІ. ТІПТІ ҚАЗАҚТЫҢ БҰРЫНҒЫ-КЕЙІНГІ АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕ, ЕРТЕГІ, ЖЫРЛАРЫНДА ҚАРЛЫҒАШ ҚҰСЫ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ, ТАЗАЛЫҚТЫҢ, АДАЛДЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ САНАЛАДЫ. АҢЫЗ ДЕМЕКШІ, АТАҚТЫ ТӨЛЕ БИ БАБАМЫЗДЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ ӘУЛИЕ» АТАНУЫНА ОСЫ СҮЙКІМДІ ТІРШІЛІК ИЕСІНІҢ СЕПТІГІ ТИМЕДІ МЕ? ЖАУ ЖАҒАДАН АЛҒАНДА БҮТІН БІР АУЫЛ ҮЙЛЕРІН ТАСТАЙ ҚАШЫП, ТЕК ТӨЛЕ ШЕШЕННІҢ ҮЙДІ БҰЗБАЙ, ЖОҢҒАРДЫ ЖАЛҒЫЗ ҚАРСЫ АЛУЫНА НЕ ТҮРТКІ БОЛДЫ ДЕЙСІЗ? ӘРИНЕ, ШАҢЫРАҚҚА ҰЯ САЛҒАН ҚАРЛЫҒАШТЫ БАҚ САНАП, БАЛАПАНДАРЫН ШЫРЫЛДАТҚЫСЫ КЕЛМЕДІ. ОНЫ ТҮСІНГЕН ЖОҢҒАР ҚОНТАЙШЫСЫ ДА ТӨЛЕ БИДІ ӘУЛИЕ ДЕП ТАНЫДЫ



Табиғат заңдылығына келсек, құдіретті Құдай адам мен қарлығашты ерекше байланыстырып қойған. Неге дейсіз ғой? Өзге құстарға қарағанда қарлығаш адам баласынан қорықпайды. Үйдің ішіне ұя салып балапандарын қанаттандырады. Торғай, шымшық, тырна секілділер адамзат атаулыдан үрке қашып қатігез санайды ма дегенде, тек осы кішкене құс қана біздердің мейірімді екенімізді дәлелдеп көрсететіндей. Өзі салған ұясына жыл айналып қайта ұшып келетінін қайтесің? Расымен адалдық емес пе? Тағы бір ерекшелігін айтайын. Қарлығаш оба, тырысқақ, безгек тараған жерге ұшып келмейтін көрінеді. Осыған қарап тазалықты сүйетінін ұғасыз. Ұясын саз балшықтан, жылқының қылын қосып берік етіп салады. Сыртынан қарап аузы тар құмыраға ұқсатасың. Балапандарына жайлы болу үшін ұясының түбіне қауырсын немесе өзгеде жұмсақ заттардан төсеніш жасайды. Түр сипатына қарап, осынша қасиетті бойына қалай дарытқан дейсіз?!

Әлемде қарлығаштың сексеннен аса түрі бар. Оның бес түрі Қазақстанда мекен етеді. Бізге танысы – айыр құйрықты қарлығаш. Қазақ халық ертегісінде:
«Қаперсіз күрес қайда бар,
Қарлығаштың айдаһар.
Құйрығын жұлып алыпты,
Айыр болып содан қалыпты.
Сонымен нәзік қарлығаш,
Болса да әлсіз талдырмаш.
Көрсетіп ерлік табанды,
Қалыпты қорғап адамды», – демей ме? Иә, бұл бала күнгі әжеміздің құлаққа сіңдіріп үйреткен алғашқы ертегісі осылай өрбитін. Ал эстон халқының аңызында мүлдем бөлек. Сезімдері жарасқан қос ғашық болыпты-мыс. Екі жастың бақытын қызғанған пері, өзінің сүйкімсіз қызын жігітке қосып, сүйген аруын қарлығашқа айналдырып жіберіпті. Той үстінде қарлығаш жігіттің иығына қонып, қарсы тұрған қыздың құлағындағы сырғаны жұлып алады. Осылайша той шырқын бұзған құсқа жұрт балта лақтырып, құйрығын екіге айырған дейді. Келесі бір аңызда қарлығаш адамды жыланнан құтқарып, Пайғамбардың батасын алған деседі.

Нұх Пайғамбардың кемесі Қазығұртқа тоқтағасын, жылан оған кеменің тышқан тескен жерін құйрығымен бітегенін айтып, «дүниедегі ең тәтті мақұлықты қорегім етуге уәде бергенсің, енді орында» дейді. Пайғамбар келісіп, бірақ не тәтті екенін білмегесін қан соратын масаны іздеп табуға жұмсапты. Маса бар мақұлықтың қанын сорып, ең ақырғы адам қанына тоқтап, тез жеткізуге асығады. Жолда қарлығаш тоқтатып, мән-жайды білмек үшін адам қанының дәмін көруге сұрапты. Маса келісіп тілін шығарғанда қарлығаш тілін жұлып алса керек. Осыдан кейін маса ызыңдап кімнің қаны тәтті екенін айта алмай, қарлығыш: «құрбақаның қаны тәтті, тәттілігінен маса өз тілін жұтып қойып, соны айта алмай тұр» дейді. Нұх Пайғамбар уақытты көп созбай, жыланға: «сенің қорегің құрбақа болсын» деп дұға жасайды. Осыдан кейін жылан ызаланып қарлығаштың құйрығын жұлып алады. Бүгінде қасиетті құсқа арналған аңыз-әңгімелер таусылмақ емес. Тынымсыз тіршілік иесінен адамзаттың үлгі алар жағы көп. Мәселен мына бір керемет өлеңде: «Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген, Тірліктерін туған жерге өңдеген. Әрбір адам туған жерін сүюді, Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден» деп әр қазақ баласын өз туған жерін құрметтеуге шақырады. Елден жырақ кетіп, өзге елге қоныс аударған қандастарымызды осы қарлығаш секілді туған елге оралса екен деген автордың жүрегінде керемет мән жатқандай.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 маусым 2020 ж. 2 012 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031