» » » Тарих үшін өшпейтұғын бір белгі

Тарих үшін өшпейтұғын бір белгі



Ойран салған зобалаңның өтінде,
37-нің елесі ел есінде.
Сол жылдары мынау қазақ даласын,
Басып қалған қара бұлтты қара түн.

Ібілістей үрей билеп жұртымды
Бейбақтанып бермеді ұстап кім-кімді?!
Жазығы жоқ жалалы жан атылып,
Ажалсызын итжеккенге асырып...

Еңіретіп бетке ұстардай ерді шын
Дөңгеленген о, дүние-ай дермісің.
Неткен берік үзілмеген арман-ән,
Қайран қазақ, кештің қанша тар заман?!

... Бүгін міне, Тәуелсіздік таңы атқан
Тұғырынан тайдырма енді, Жаратқан!
Биігінде Туым көкпен талассын
Жаса, жаса, асқақ аты Алаштың!

... Мамыр айдың отыз бірі күні еді.
Нұрын шашқан көк аспанның реңі.
Ардагерлер орден, медаль тағынып,
Барған бәрі саябаққа ағылып.

Жиналды олар ескерткіштің басына,
Ашылудың ерек салтанатына.
Қуғын-сүргін құрбанына қойылған
Мәрмар таста есім – жазу ойылған.

Сөз салмағын ой-санаңа салып көр,
Сыр шертетін сынды алтын әріптер.
Тарих үшін бұл – өшпейтін нақ белгі,
Жазуды оқып, жанарыма жас келді.
... Бүлдіршіннің бір тал гүлді қойғанын
Көріп... сол сәт өмір жайлы ойладым.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
30 мамыр 2020 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930