» » » Өмір қиындықтарын жеңе білген жігерлі жан

Өмір қиындықтарын жеңе білген жігерлі жан

Айсұлу Нұржанова 1971 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген.1998 жылы осындағы  №109 қазақ орта мектебін үздік бітіреді. Арманы асқақ албырт көңіл жас қыз 1988-1989 жылдары ауыл өндірісінде қалып, оның экономикасының өрлеуіне титтей де болса  өз үлесін қосуды жөн көреді. Сөйтіп,  қарапайым колхозшы атанады. Көзінің  оты ұшқындап, үнемі жігерлі қалпында жайдары күліп  жүретін жас қыздың  ұйымдастыру және іскерлік қырын тез байқаған  шаруашылық басшысы мен партком хатшысы оны жастар ұйымын басқаруға лайық деп табады. Бұл таңдауды сол кездегі Қармақшы аудандық комсомол комитетіндегілер де қуана қостаған еді.
Егін және мал шаруашылығы өнімдерін молайтумен айналысатын шаруашылықта жастар – үлкен күш және жалынды бастамалардың негізгі ұйытқысы еді. Бастауыш комсомол ұйымының жаңа хатшысы Айсұлу Базарбайқызы ұйымдастыруымен  шаруашылықта тұңғыш рет «Тыңның 25 жылдығы» атындағы күріш өсіруші комсомол жастар бригадасы құрылғанды.  Ауыл жастарының бұл бастамасын  іле-шала аудандағы күріш өсіруші шаруашылықтардың комсомол ұйымдары да қостап, одан әрі іліп әкетеді. Өткен кезеңнің  осы бір оқиғасын қазір  еске ала қалса, Айсұлудың туған ауылына деген сағынышты көңілі алабұрта түседі...
Өйткені  қандай бір адам, қандай бір жерде жүрмесін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін сағынбауы мүмкін емес. Ауыл десе – Айсұлудың есіне сонау қырат үстіндегі ақ шағыл құмды төбелер бірден көз алдына келері сөзсіз. Ауылының о баста Ақтөбе аталуы да тегін емес. Ақ шағыл құмды төбелер осы өңірдің нағыз көркі. Кешегі кеңес дәуірінде бұл жай ескерілмей, азамат соғысының батыры, қайқы мұрт Чапаевтың атын алып, біраз дәуірлеп тұрды. Тек Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін ғана ер Чапайдың аттан түсіп төл өңірдің ежелгі атауына орын бергені бар.
 Айсұлу бала кезінде өзіңдей құрбы-достарымен бірге осы төбенің баурайында  асыр салып талай ойнады. Күн астындағы Күнікей қыздай төбе сауырында қалың өсетінжабайы жуа, көсік, қаракеней сияқты жемістерді  тергенін ұмытар ма сірә?! Ал, кейбір тақыр жерлерде секіріп  мәк ойнағаны, ұлдармен таласып, асық атқаны да көз алдында  көлбеңдеп тұрып алар еді... Беу, балалық шақ-ай, десеңші?!
Арман деген – бір алып құс  адамды алысқа апармай қоймайды екен. Айсұлу шаруашылықта бас экономист болып істейтін әкесінің жолын қууды жөн көрді. 1992 жылы Жезқазған университетінің «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оны 1997 жылы үздік-тердің қатарында  бітіріп шығады. Осылайша, Айсұлу ғылымды меңгеру кеңістігіне  бет бұрады. 2003 жылы Орта Азиялық университетінің аспирантурасына «08 06 05 «Халық шаруашылығын басқару және экономикасы» мамандығына ізденуші болады. Ал, 2006 жылдың 22 желтоқсанында экономика ғылымының кандидаты дәрежесіне ие болады.
 1999-2008 жылдар аралығында  осы жоғары оқу орнында кафедра меңгерушісі, университет әдістемешісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, директоры қызметтерін абыройлы атқарған Айсұлу Базарбайқызы 2010-2014 жылдары Қарағанды қаласындағы «Болашақ»  университеті «Қаржы кафедрасының» доценті атанады.
   «Болашақ» университетінде оқытушылық қызметін атқара жүріп, ғылым  көкжиегін бағындыра түсуге ұмтылады. Бертін келе  өмірдің нақты  талабы   әкелген экономнкалық  нарықтық  қатынастардың жаңа жүйесін студент жастарға  талдап, түсіндіріп, өзі де осы сала бойынша жазған  зерттеу еңбектерін пысықтап, іденісті жоғарылату жолында Айсұлу Базарбайқызы біраз жетістікке қол жеткізеді. Ең бастысы, ізденімпаз, білікті оқытушы ретінде ол жоғары  оқу орнындағы ұстаздар құрамы мен студенттер арасында зор құрметке бөленеді. Бұл жағдай Айсұлуды алға қойған биік мақсаттарына жетуге  қанаттандыра  түскендей болады.   
   Бірақ, адамның ойлағаны  үнемі бола бермейді екен. Ойда жоқ жерден Айсұлудың денсаулығы сыр беріп, күнделікті тірлігіенді барынша мұқият емделуге бағытталады. Сөйтіп, ол университеттегі ұстаздық қызметінен бірыңғай қол үзеді.
   Бүгінде Айсұлу Алматы облысының Қаскелең қаласында тұрады. Осында көшіп келген жылы Қаскелеңнің бір шетінен жер сатып алып, жекеменшік  үй салып алуды өмірлік  жары  Дүзелбай екеуі  жөн көреді. Өйткені  жайлы жер, таза ауаның да денсаулығына аса  пайдалы екендігін емдеуші дәрігерлері де ерекше ескерткен болатын. Бұл кеңесті жары Дүзелбай Арзымбетов те құп алады. Ол Жезқазғанда тұрған кезінде «Қазақмыс» корпорациясының жетекші кеніштерінің бірінде шахтер болып еңбек еткен еді. Барынша еңбекқор, жұмыс десе жалындап тұратын ақ көңіл, кішіпейіл азамат шахта өндірісінің озаты болатын. Адамдарға үнемі жақсылық жасап, көңілі көлдей болып жүретін Дүзелбайтыңқолынан  келмейтін ісі жоқ. Әсіресе  олкенші болса да  құрылыс жұмысына аса бейім еді. Ол өзі бас болып  Қаскелеңдегі хан сарайындай жерүйді бауыры екеуі ешкмгежалынбастан  екеулеп  тез арапда  салып алғанды.
Дүзелбайдың бір жақсы қасиеті: Айсұлуға ешбір ауыр нәрсе көтерткен жоқ. Оның денсаулығын түзеуіне ерекше қамқор болды. Көпшіл азаматты көрші-қолаң тіпті,  өздері тұратынықшам ауданның тұрғындары да мақтаныш тұтады. Өйткені, қайбір істің ретін таба білетін  Дүзелбайдан жаңадан үй салушылар қажетті  ақыл-кеңесті жиі алып тұратып. Міне, осындай ұлтжанды азамат Д.Арзымбетов Наурыз, көше мерекесі сияқты шараларды ұйымдастыруға да уақыт табады. Қала әкімдігі де оның осындай қасиеттерін жоғары бағалайды.
Дүзелбай мен Айсұлудың үлгілі отбасында тәрбиеленген Алмат есімді баласы өткен жылы құтты шаңыраққа келін түсіріп, Айсұлудың қолын біраз ұзартып тастады. Алмат қаладағы  бір үлкен құрылыс кәсіпорнында техника жөндеуші және дәекерлеуші болып жұмыс істейді. Ал, қыздары Жанат болса, Қарағандыдағы «Мейкер» ЖШС-інде есепші.  
 Елдің шынайы құрметі мен шаңырақ шаттығына бөленген Айсұлу өзін дүниедегі ең бақытты жанмын деп сезінеді. Оның мейірімді жүрегі «елім және отбасым» депсоғады.

                        Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ
10 ақпан 2020 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031