» » Қызылорда тілшілері Шығыс жұлдызына тәу етті

Қызылорда тілшілері Шығыс жұлдызына тәу етті

Кеше облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина бастаған "Сыр медиа" ЖШС -на қарасты аудандық газеттердің бас редакторларынан құралған делегация Шығыстың жарқ еткен жұлдызы Ғани Мұратбаевтың бейіті орналасқан Мәскеудегі "Ваганьков" қорымында болды. Еске салатын жайт, Ғ.Мұратбаевтың бейіті аталмыш қорымның 20/2 бөлігінде, 13-қатарда орналасқан. Тілшілер қосыны баба рухына арнап Құран бағыштап, бейіт басын сарғайған жапырақтар мен шөп қалдықтарынан тазартты. Гүл шоғын қойып, жас та болса бас болған қандасымыз туралы ұлағатты әңгімемен бөлісті. 

Ғани Мұратбаев Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушысы және көшбасшысы, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс-қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін (1910 – 18), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 – 20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітірген.

1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды, Жетісу облысы және Ташкент, Самарқан, Верный қалалары комсомол ұйымдарының негізін қалауға атсалысты. Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры болды.

1920 жылы Түркістан комсомолының 3-съезінде ОК мүшелігіне сайланып, қазақ-қырғыз жастары бюросын басқарды. 1921 жылы алдымен Самарқан өлкелік комсомол комитетінің, кейін Түркістан Республикасы комсомол ұйымы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. Ол осы уақытта Ташкентте «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторы болды. Қазақстан комсомолының құрылуын жариялаған 1-өлкелік съезді (1921 жылы 7 – 13 шілде) өткізуге тікелей басшылық жасады.

1922-1924 жылдары РКЖО-ның 5-съезінде Ресей Коммунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы ОК Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1924 – 25 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3-4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланды.

Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына жерленді.
25 қазан 2018 ж. 1 474 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 08:45
Sildenafil Citrate For Sale online pharmacy Pharmacies In Canada Cytotec Avant Hotte

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031