» » Сыр журналистері Мәскеу төрінде

Сыр журналистері Мәскеу төрінде

Облыс әкімі мен "Сыр медиа" ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаевтың қолдауымен серіктестік журналистері қазір Мәскеуде сапармен жүр. Бұл бастама аясында Қызылорда облысы аудандарының басылым редакторлары халықаралық журналистикалық семинарға қатысады.

Әуелі журналистер Кеңес Одағының батыры, қазақтың маңдайына біткен, ерліктің үлгісіне айналған Алия Молдағулова атындағы 402 мектепте болды. Бұл мектеп жай білім ошағы емес, Қазақстан мен Ресейдің достығы негізінде қаланған, ерлікті, батырлықты насихаттаған қара шаңырақ. Мектеп 5 бөлімнен тұрады: екі мектептік бөлім және 3 балабақша. Сыр журналистерінен құралған делегацияны Наталья Николаевна мектеп тарихымен, батыр аруымыздың өмірімен таныстырды. Бір қызығы ұстазға осы мектепте оқитын бірінші сынып оқушылары жәрдемдесіп, мұражай қорындағы қазақы бұрышпен таныстырды. Мұнан соң тілшілер қосыны батыр қыздың мүсініне тәу етіп, гүл шоғын қойды. Соңыра мектеп жанынан құралған жас журналистер үйірмесі мүшелері Сыр журналистерімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

25 қазан 2018 ж. 1 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 912
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 559

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930