» » » Диірмен тартып жүрсіз бе?

Диірмен тартып жүрсіз бе?

Бір кісі жоқшылыққа тап болып, несібе іздеп далаға кетеді. Жұбайы: «Уа, Алла! Илеп нан жасайтын ұн бере гөр» деп дұға етеді. Еркек үйіне қайтып келсе, шара толған қамыр, ал тандырда ет пісіп тұр. Тас диірмен болса айналуда еді. «Мұның барлығы қайдан келді?» деген сұрағына әйелі: «Алланың берген ризығы ғой» деп жауап қатты. Сөйтіп кісі диірмен айналасындағы ұнды жинап алады. Бұл қиссаның түйіні: Алла сұраған тілегімізді жауапсыз қалдырмасы анық.
Бірде әпкемнің үйіне қонаққа бардым. Үйіндегі баланың барлығы бір жерге топталып қалыпты. Барып қарасам диірмен тастарын қызықтап тұр. Не екенін білмей таңдана қарауда. Олардан «Бұл не?» деп сұрасам, «білмейміз» деген жауап алдым. «Бұл диірменнің тасы ғой» дегенімде «диірмен деген не?» деп өзіме сұрақ қойды. Бұрын күнкөріс үшін пайдаланылған қажетті құралды қазіргі өсіп келе жатқан жас буынның білмейтініне іштей қынжылдым...
Қазақ халқы тары, бидай егіп, оның өнімін пайдаланған. Олардың дәнін үгіп, қол диірмені арқылы тартып ұнтақтаған. Қол диірмені екі үлкен қыша тастан жасалады. Ортасында бидай немесе тары салатын үңгісі болады. Халқымыз көшіп қонып жүрсе де, ағаш сабы бар қол диірменін тастамаған. Оны көшпенді тұрмысқа ыңғайлы және қажетті құралдың бірі деп есептеген.
Қол диірмені арқылы тарыны ұнтақтап талқан істесе, бидайдан ұн жасаған. Бұлай дайындалған ұннан піскен нан өте дәмді. Қазіргі техника дамыған заманда қол диірменіне қажеттілік жоқ. Себебі ұнтақтауға арналған түрлі құрал жетерлік. Мұндай қол диірмені мұражайдан орын алғалы біршама уақыт болды.
Мен ойға шомып тұрғанымда қолына тары толы ыдысын алып әпкем келді. Амандық-саулық сұрасқан соң:
– Мына немерелеріме көненің көзі ғой қол диірменін таныстырғалы жатқанмын. Әйтпесе, бұлар не екенін білмейді ғой. Одан тары тартып, талқанның қалай жасалатынын көрсетпекші едім. Біз кішілеу кезімізде бұл диірмен күнде шыр айналатын. Бауырымызбен осы диірменді айналшықтап, тартуға таласатынбыз. Ол да бір өзінше керемет кез еді, – дейді ардақты ана.
Ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырған Қазына Сүлейменованың бұл ісі құптарлық дүние. Ол ұл-қызынан тоғыз немере сүйіп ақылшы әже атанып, ұрпағына тағылымды тәрбие беруде. Әңгімесін айта отырып, тарыны диірменге тартып, талқан жасады. Оны көрген балалар аң-таң. Қызығып жасап көруге ұмтылған немересі «Мұны айналдыруға көп күш керек екен ғой» деп қояды. Көне затты керексіз деп лақтырып тастамай, кейінгі ұрпаққа көрсетіп, сақтап жүргеннің өзі өнеге. Ұлттық дәстүрді ұлықтап, саналы тәрбие беретін осындай жанның қатары көп болса екен...
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
05 қараша 2019 ж. 4 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031