» » Әрбір пенденің несібесі өзімен келіп, өзімен бірге кетеді

Әрбір пенденің несібесі өзімен келіп, өзімен бірге кетеді


Өткен заманда бір пақыр кісі бар еді. Ол анасын, əйелін жəне балаларын бағу үшін бір байдың қол астында жалшы болып жұмыс атқаратын. Жұмысын үнемі тиянақты, адал істейтін пақыр күндердің бір күні жұмысына келмеді.
Сонда қожайыны өз-өзіне:
«Ол жұмысқа келмей қоймасы үшін айлық ақысын бір динарға арттыруым керек. Оның жұмысқа келмей қоюының себебі осы екеніне сенімдімін. Өйткені оған мұқтаж екенімді ол біледі...»
Ертеңіне пақыр жұмысқа келгенде қожайыны оған айлығын бір динарға асырып берді. Бірақ пақыр кісі ешнəрсе деместен алды, себебін де сұрамады. 
Осылайша бірталай уақыт өткен соң ол тағы да жұмысқа келмей қалды. Қожайыны қатты ызаланып:
«Осы жолы оның ақысын бір динарға кемітемін»- деді. Кемітті. Жалшы ешнəрсе демеді, себебін де сұрамастан алды. Қожайыны жұмысшысының бұл үнсіздігінен соң шыдамы таусылды. Одан екі жолы да үндемеуінің себебін сұрады:
«Айлық ақыңды көтердім, себебін сұрамадың, кемейтірдім тағы да үндемедің. Мұның себебі неде?» 
Жалшы:
«Бірінші жолы жұмысқа келмеген себебім, Алла маған бір шақалақ нəсіп еткен болатын. Сол кезде айлығымды бір динарға өсіріп, мені сыйлаған едіңіз. Өз ойымда: «Бұл менің шақалағымның ризығы»- дедім. Екінші рет келмегенімде анам өмірден өтіп еді, айлығымды азайтқаныңызда, «Бұл анамның ризығы, анам кетті, ризығы да...» дедім, - деген екен. 
Түйін: Әрбір пенденің ризық-несібесі өзімен келіп, өзімен бірге кетеді. Пендесінің бергені ешнəрсе емес. Алла берерінен таймасын! Барға қанағат, жоққа салауат айтып, шүкірлікте өмір сүрсек, Алла Тағала бізден разы болады екен...
Беруші де Алла , алушы да Алла ...




10 сәуір 2019 ж. 1 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930