» » Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні

Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара аясында қызметалушыларға қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары қызмет көрсетті.
Қызылорда қаласындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында бүгін ерекше көтеріңкі көңіл-күй орын алды. Оның себебі – орталықта мамандармен қатар танымал әзілкеш әртіс, қызылорданың тумасы Канат Әлжапбаровтың өзі қызмет етті. Бір күнге «Азаматтарға арналған үкіметке» «жұмысқа тұрған» әртіс қағытпа әзілдерімен халықтың көңілін көтеріп, ықыласына бөленді.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласының күннен күнге қарыштап дамып жатқанына ризалығын білдірген әртіс, жерлестерін осы жаңашылдықтың игілігін бірге көруге шақырды. Өз кезегінде ол мамандандырылған ХКО-ға келіп, онлайн түрде жүргізуші куәлігін алды.
«Қазір орталыққа келмей-ақ электронды түрде қызмет алуға болады. Қарапайым, әрі жылдам. Бүгін халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасап, бағымды сынап көрмек болдым. Негізі бұл жер оңай жұмыс емес боп шықты. Өте сауаттылық керек, маған болмайды екен», - деп халықты ду күлдірді сықақшы.

25 тамыз 2018 ж. 1 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 765
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 486

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930