» » СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУІПІНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУІПІНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Бүгін аудан орталығында көктемгі су тасқыны қауіпті мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу жаттығу болып өтті.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов,«Қазсушар»РМК-ның Қызылорда филиалының бастығы Б.Арыстанбаев, аудан әкімі С.Мақашов, аудан әкімінің орынбаса…ры Ж.Сүйеубаев оқу – жаттығу жиынына қатысып, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғанудың дайындығын тексерді. Жиынға аудан және кент әкімдері аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, азаматтық қорғау қызметтерiнің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қармақшы ауданының төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 52 бірлік техникасы мен 129 адамы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарының дайындығы пысықталып, саптық қарау өткізілді.
Жоспарға сәйкес Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында болып, су тасқынының алдын алуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Қазіргі таңда жинақталған инерттік материалдық қорлары толығымен дайын.
Аудан орталығында орналасқан тұрғындарды төтенше жағдай кезінде құлақтандыратын дабыл сигналы жұмыс істейді.
Жалпы аудан бойынша бүгінгі күнге резервтік қорға 1700 қамыс, 20 000 дана қап, 430 дана қада, 5000 м сым жинақталған.4,5 тн. бензиннің, 5 тн. дизель жанармайы қарастырылып, қажетті май мөлшерін және төтенше жағдай орын алған уақытта азық-түлік алуға келісім шарттар жасалынған.
Аудандағы су басу қауіпі бар учаскелерден тұрғындарды, жануарларды көшіру мақсатында, 5 эвакуациялық жинақтау және қабылдау бекеттерінің орындары нақтыланған.


10 наурыз 2018 ж. 12 543 993

CanadaRit от 8 мамыр 2025 23:19
Age-related health issues may prompt honest discussion, especially when initiating buy cialis. Your moment of change travels quickly and silently.

sildenafil oral jelly от 12 мамыр 2025 22:49

otc viagra от 12 мамыр 2025 23:53

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 751
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031