» » Оқу жылына дайындық пысықталды

Оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күн қалды. Жалпы, білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы қалай? Оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай жасалған ба? Осы мәселеге байланыс­ты аудан әкімдігінің кезекті алқа отырысы өтті. Жиынға аудан басшысының орынбасарлары, мекеме және кәсіпорын басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиын барысында білім беру орындарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды.
– Бүгінде өңірімізде аудандық білім бөліміне қарасты 28 жалпы орта білім беретін, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында бүгінде 442 педагог-қызметкер еңбек етеді. Өткен 2017-2018 оқу жылында балабақшада 2823 бала тәрбиеленді. Бір ескерерлігі, аудан бойынша үш ауысымдағы мектеп жоқ. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Білім ұяларында 1907 мұғалім шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім беруде. Жаңа оқу жылында 14255 оқушы білім нәрімен сусындамақ, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Омаров.
Бүгінгі жаһандану кезеңінде білім бағасының бәсі бәрінен жоғары тұр. Бұл тұрғысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтарға жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындап берген болатын. Осы ретте, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында былтырғы оқу жылында робототехника кабинеттерімен №80, №105, №250 мектептер мен аудандық оқушылар үйі жұмыс жүргізсе, үстіміздегі оқу жылында аталған кабинеттер 10 мектепке берілмек. Сондай-ақ, білім саласындағы басты мәселенің бірі – оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету. Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3,6,8-сыныптарға оқулықтар, 1,2-сыныптарға оқушы дәптері және 1-сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқу құралына қажетті қаржы бөлінген. Айта кететін жайт, Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектеп пен Төретам кентіндегі №269 орта мектепте инклюзивті сыныптар ашылмақ. Мұнан өзге, ата-ана мен мектеп ұжымы үшін оқушы тасымалы мен олардың ыстық тамақпен қамтылуы да қолға алынуда. Алдағы уақытта №1 маршрут, №183 мектеп көшесіне қарай жүруінің схемасын сызуды қолға алмақ. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Шоқбаровқа баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Яки, оқу-құралдарының қымбаттамауын басты назарға алды.
Сондай-ақ, екінші мәселе аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу беруі жайында қозғалды. Аудан бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысан орналасқан. Білім саласы 57 нысан, мәдениет саласы 35 нысан, спорт саласы бойынша 7 нысан, денсаулық саласы бойынша 21 нысан, Байқоңыр қаласындағы 5 орта мектеп пен 1 балабақша сұйытылған газбен жылы­тылады. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, №185 және №186 орта мек­тептің бу қазандықтарын сұйытылған газге ауыстыру мақсатында жобалық сме­талық құжаттамасын рәсімдеп, ведомстводан тыс сараптамадан өткізуге қаржы бөлініп, әлеуетті өнім беруші «Берекет Проект» ЖШС тарапынан сме­талық құжаттамасы рәсімделіп, жоба сараптамадан өткізілуде.
Алқа отырысында қаралған мәсе­лелер бойынша білім беру ошақ­тарының жаңа оқу жылына толықтай дайын болуын, барлық балабақша, мектеп, клубты жылумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ, мектепке автобус тасымалдауы жайында нақты тапсырмалар берілді.
Ая ӘЛИЕВА,
«Қармақшы таңы».
31 тамыз 2018 ж. 3 748 34
Patek Philippe — это эталон механического мастерства, где сочетаются точность и эстетика . С историей, уходящей в XIX век компания славится авторским контролем каждого изделия, требующей сотен часов . Изобретения, включая автоматические калибры, укрепили репутацию как новатора в индустрии. наручные часы Patek Philippe приобрести Коллекции Grand Complications демонстрируют вечные календари и декоративные элементы, подчеркивая статус . Текущие линейки сочетают традиционные методы , сохраняя классический дизайн . Patek Philippe — символ вечной ценности , передающий инженерную элегантность из поколения в поколение.

RobertBlire от 29 шілде 2025 22:55
Татуировки — это уникальное искусство , где каждая линия несёт личную историю и подчеркивает индивидуальность человека. Для многих тату — душевный акцент, который напоминает о важных моментах и дополняет жизненный опыт. Процесс создания — это творческий диалог между мастером и клиентом , где тело становится живым холстом . источники питания тату Разные направления, от акварельных рисунков до биомеханических композиций, позволяют воплотить любую идею в изысканной форме . Эстетика нательного искусства в способности расти вместе с человеком, превращая эмоции в живой символ внутреннего мира. Подбирая эскиз, люди раскрывают душу через формы, создавая личное произведение, которое радует глаз каждый день.

BennieTib от 2 тамыз 2025 18:30
Bold metallic fabrics redefine 2025’s fashion landscape, blending cyberpunk-inspired aesthetics with sustainable innovation for everyday wearable art. Gender-fluid silhouettes break traditional boundaries , featuring modular designs that adapt to personal style across formal occasions. AI-curated patterns human creativity, creating hypnotic color gradients that react to body heat for dynamic visual storytelling . https://copyspot.fr/read-blog/14430 Zero-waste construction set new standards, with upcycled materials reducing environmental impact without compromising luxurious finishes . Light-refracting details elevate minimalist outfits , from nano-embroidered handbags to self-cleaning fabrics designed for modern practicality . Vintage revival meets techwear defines the year, as 2000s logomania reimagine classics through climate-responsive materials for forward-thinking style.

BennieTib от 3 тамыз 2025 00:37
Shimmering liquid textiles redefine 2025’s fashion landscape, blending futuristic elegance with sustainable innovation for runway-ready statements . Gender-fluid silhouettes break traditional boundaries , featuring modular designs that transform with movement across casual occasions. AI-curated patterns merge digital artistry , creating one-of-a-kind textures that react to body heat for dynamic visual storytelling . https://www.anytalkworld.com/read-blog/8406 Zero-waste construction lead the industry , with upcycled materials celebrating resourcefulness without compromising bold design elements. Holographic accessories add futuristic flair, from nano-embroidered handbags to self-cleaning fabrics designed for avant-garde experimentation. Retro nostalgia fused with innovation defines the year, as 90s grunge textures reimagine classics through climate-responsive materials for timeless relevance .

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031