» » БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА САҚАДАЙ САЙ

БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА САҚАДАЙ САЙ

Алты жасар Алпамыстың көңілі алып-ұшып тұр. Өйткені, ол биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, оқушы партасына отырады. Атасының тәтті баласы мектеп киімі мен сөмкесін сақадай даярлап қойды. Оқу-білімге ынталы балақай жүзге дейін санап, тақпақтарды тақылдатып жатқа айтады. Бір қуаныштысы, үш аптадан соң Алпамыс секілді әр үйдің 2000-ға жуық еркесі –өздері білім алатын мектептің алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, 1-сыныпқа қабылданады.
Қазіргі таңда өңірімізде аудандық білім бөліміне қарасты 28 жалпы орта білім беретін, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында бүгінгі күні 442 педагог-қызметкер еңбек етеді. Өткен 2017-2018 оқу жылында балабақшада 2823 бала тәрбиеленді. Бір ескерерлігі, аудан бойынша үш ауысымдағы мектеп жоқ. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Білім ұяларында 1907 мұғалім шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім беруде. Жаңа оқу жылында 14255 оқушы білім нәрімен сусындамақ.
Тоғыз ай оқып, үш ай демалатын оқушы үшін жазғы тынығудың орны бөлек. Жаз – бала өміріндегі рухани, шынығу, ойлау қабілетінің дамуы мен демалуындағы айрықша мезгіл. Каникул – баланың басты кейіпкер болатын ғажайыптар әлемі. Айтулы уақытты қызықты өткізген баланың оқу-білімге деген ынтасы да ерекше болмақ. Жаңақорғанның «Тау самалы» лагеріне осыған дейін 78 оқушы демалса, 29-шілде мен 7-тамыз аралығында 71 оқушы тынығуда. 11-тамыз бен 29-тамызда 206 оқушы лагерьге тартылады деп жоспарлануда. Мектеп жанындағы (1-4-сынып оқушылары) күндізгі тынығу лагеріне 1428 бала қамтылса, 1126 оқушы көркейту-көгалдандыру және 529 оқушы еңбек бригадаларына тартылды. 15 бала Алматыдағы «Бөбек» Ұлттық тәжірибелік-сауықтыру кешенінде демалып, 7 бала Астанаға саяхаттады. 8 оқушы Көкшетауда, 12 оқушы Астананың шатырлы лагерінде тынықты. 49 оқушы Жаңақорғанда демеуші есебінен демалса, 150 оқушы тарихи орындарды экскурсиялады. Сондай-ақ, Қызылорданың «Арай-санрайз» лагерінде 13 бала, Қапшағайда 22 бала жазғы тынығу демалысын сәтті өткізді.
Адамзат баласы үшін білім – баға жетпес байлық, түбі терең қазына. Иә, білімнің бағындырмас биігі, алмас қамалы болмайды. Әсіресе, қазіргідей жаһандану заманында білім бағасының бәсі бәрінен жоғары тұр. Бұл тұрғысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтарға жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындап берген болатын. Осы ретте, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында былтырғы оқу жылында робототехника кабинеттерімен №80, №105, №250 мектептер мен аудандық оқушылар үйі жұмыс жүргізсе, үстіміздегі оқу жылында аталған кабинеттер 10 мектепке берілмек.
Білім саласындағы басты мәселенің бірі – оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету. Аудандық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3,6,8- сыныптарға оқулықтар, 1,2-сыныптарға оқушы дәптері және 1-ші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқу құралына қажетті қаржы бөлінген.
Әдетте, әр жаңа оқу жылының өз ерекшелігі болады. Сөз тізгінін жаңа оқу жылының жаңалығына қарай ойыстырсақ. Ауданымыздың білім ошақтары алдағы жылы жаңартылған білім беру мазмұнымен 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптары оқытылады. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту іске асырылады. Бұл күндері физика, информатика, химия, биология пәндері мұғалімдерін ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастыруда тілдік курстан өткізілуде. Білім беруді цифрландыру мәселесіне келер болсақ, ауданда 12 мектеп «Күнделік KZ» бағдарламасына көшсе, «Білім Ландпен» – мектеп бітірушілерін ҰБТ-ға дайындау жұмысы жүргізіледі. Орта білім беру бағдарламасымен негізгі пәндерге арналған қосымша әдістемелік-үлестірмелік, видео материалдарды да аталған порталдан алып, кеңінен пайдалануға болады. Айта кетерлігі, Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектеп пен Төретам кентіндегі №269 орта мектепте инклюзивті сыныптар ашылмақ. Мұнан басқа, ата-ана мен мектеп ұжымы үшін оқушы тасымалы мен олардың ыстық тамақпен қамтылуы кімді болса да ойлантады.
– Ауданда мектебі жоқ елді мекендер мен кент орталығының шет аймақтарынан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда 768 бала тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде, 765 оқушыға 100 пайыз тасымал ұйымдастырылған. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартына сәйкес, аудан бойынша №250, №80, №99, №269 мектептерде күнделікті тасымал, №185 мектепте алыс елді мекеннен тоқсан сайынғы тасымал ұйымдастырылады. Оқушы тасымалына 4 автобус, 1 микроавтобус тартылған. Алда кент орталығындағы №183 мектеп оқушыларын тасымалдау жоспарлануда. Ыстық тамақ жайында айтар болсам, жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтік тұрғыда аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына ыстық тамақ беріледі. Ол заңды түрде жүзеге асырылады. Жаңа оқу жылында педагогтардың біліктілігі мен оқушылардың білім сапасын арттыру, бітіруші түлектердің білім грантын көбейту бағытында жұмыстар атқарылады. Әрбір жаңа оқу жылына нық қадам басуды мұрат ететін Тамыз мәслихатынан – барша ұстаздар қауымы үлкен жаңалық, тиімді әдіс, мақсат пен міндет күтеміз, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров.
ТҮЙІН
Жаздай асыр сап ойнаған балалар басталуына санаулы күндер қалған жаңа оқу жылына дайындықты бастап жіберді. Олар қазірдің өзінде ата-анасымен дүкен аралап, жаңа оқу жылына мектеп формасын сатып алуда. Бәзбіреуі жазғы демалыстың жылдам өтіп жатқанына қимастық білдірсе, енді бірі – сабақ басталар күнді асыға күтуде. Қалай десек те, олар – бақытты елдің баласы. Ал, бақытты ел баласының білімді боларына титімдей де күмәніңіз болмасын.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
08 тамыз 2018 ж. 1 646 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 20:01
Dutasteride 0.5mg Avidart Sale Baisse Prix Kamagra Viagra Rezeptfrei Hamburg viagra Accutane

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031