» » БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ІЛКІМДІ ҚАДАМДАР

БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ІЛКІМДІ ҚАДАМДАР

Елбасы еліміздің білім беру саласын әркез өз назарында ұстап, оған тікелей қамқорлық жасап келеді. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да салаға байланысты нақты тапсырмалар берілді. Айтулы тапсырмалардың табысты орындалуы мен жүйелі жүзеге асырылуы – құрметті де абыройлы мамандық иелері – ұстаздар қауымына жүктелері анық. Бұл жайында дүйсенбіде аудан ұстаздарының қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде кеңінен айтылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған тамыз кеңесін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жүргізіп, білім саласы қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтады.
– Мектеп құрылымындағы өзгерістер, білім берудегі тыңғылықты мақсаттар білім саласындағы сапа мен кәсіби шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Қоғамдағы басты жаңалықтың бірі – 12 жылдық оқыту моделі бойынша екі оқу жылын артқа тастадық. Халықтың баласына тәлім-тәрбие беруде алдымызда көптеген мақсаттар мен міндеттер күтіп тұр. Алдағы 2018-2019 оқу жылы барлық ұстаз қауымына сәттілік жылы болғай, – деді ол.
Мұнан соң облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов сөз сөйлеп, ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 76-қадамында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, 79-қадамында айтылған ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу және 89-қадамындағы «Мәңгілік ел» құндылықтарын, мектепте білім беру стандартын жаңарту, Елбасы Жолдауларын басшылыққа ала отырып, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» аясында аудан ұстаздарын шығармашылықпен жұмыс істеуге шақырды.
Тамыз кеңесі – ортақ ой мен тұжырымның талқыланатын жиыны. Бұл тұрғыда тамыз кеңесі жаңа дамудың сатысына аяқ басқан елімізде инновациялық ойлау, интеллектуалды құндылықтардың қалыптасуына себепкер болатын – білім берудің әрбір деңгейі бойынша ашық алаңға айналды. Бұған біз аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаровтың «Жаңартылған білім беру жағдайындағы білім беру үдерісі» тақырыбында жасаған хабарламасынан қанықтық.
– Жаңа оқу жылын 14255 оқушымен 29 жалпы білім беретін, 3 мектептен тыс, 36 мектепке дейінгі мекемемен бастағалы отырмыз. Білім күнінде 1780 бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазіргі кезде 442 педагог-қызметкер жұмыс істесе, 2823 бүлдіршін балабақшада тәрбиеленеді. Ауданда «балапан» бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар істелсе, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3-6 жас аралығында бала қамту – 100 пайызға орындалды. 2017-2018 оқу жылында балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері зияткерлік марафондарға қатысып, республикалық жинаққа енсе, №1 «Аққайың», №22 «Гаухартас» және №23 «Балдырған» балабақшасы – облыстық тірек балабақшасы атағын алды. Мектептің жүрегі – мұғалім. Сондықтан педагог мәртебесін көтеру – басты міндет. Бұл күнде ауданда 1907 педагог еңбек етеді. Мұғалім мәртебесін көтеруде – Елбасы Жолдауына сәйкес, осы жылдың қаңтар айынан жаңартылған білім бағдарламасына көшіп, осы бағдарлама бойынша білім беретін мұғалімдердің жалақысы өсті – деді ол.
Өткен оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында ауданда 3 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс істеген. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шарасына сай №80 мектеп-гимназия, №250, №277, №105 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту мақсатында қосымша қаржы қаралған. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытуда жыл көлемінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 3 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрі шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан. Кеңесте осындай жан-жақты материалдық-техникалық жағдайы бар білім берудің инновациялық бағытындағы бұл білім ұжымдарындағы оқушылардың білім сапасы жай мектептерден көш ілгері болу керектігі аталып өтілді. Өткен оқу жылында 585 мұғалім білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынан өткен. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасымен 3, 6, 8-сыныптарға 92034 оқулық, 1, 2-сыныптарға 42241 оқушы дәптері және 1780 оқушыны оқулықпен қамтамасыз ету қыркүйекке толығымен орындалады.
Кеңесте №272 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынзадай Халлаева, №105 мектеп-лицей директоры Гүлжахан Мұнарбаева, аудандық оқушылар үйінің «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Ерболат Сұлтанбаев, №26 орта мектептің ата-анасы Ерлік Бермішевтер жарыссөзге шығып, өз ұсыныс-пікірімен бөлісті.
Бала – бабалар аманаты. Сол аманатты адал ұрпақ етіп тәрбиелеп, болашағына жарқын жол қалауда үздіксіз еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға жаңа оқу жылында жаңа белестер тілейміз. Ұстаздан тәлім алған шәкірттеріміздің қанаты – алдына мақсат қоя білетін білімпаздық, адамгершілік, имандылық қасиеттерімен қатайсын.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
31 тамыз 2018 ж. 1 316 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 08:54
Amoxicillin And Sore Tooth Natural Antibotic Amoxicillin Cialis Normal where can i buy alli diet pill 3 Prescriptions Kamagra Generic Canada

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 238

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930