» » » ҚҰШТАРЛЫҚТЫ ҚАНАТ ЕТКЕН

ҚҰШТАРЛЫҚТЫ ҚАНАТ ЕТКЕН

Расында да кім де болса өмір сүруге  құштар. Бұл – ақиқат. Гүлсім әлі жас. Бірақ, біраз жылдан бері арбаға танылған. Оған себеп – науқастығы.  Гүлсім бар-жоғы 12 жаста болса да бүгінде біршама жетістікке қол жеткізді. Ауылдастарына шеберлігімен танылған әжесінен үйренген ою-өрнектер мен бисер арқылы жасаған бұйымдары  жуырда Нұр-Сұлтанда «Алтын қолдар» тақырыбында өткен республикалық жас қолөнершілер байқауында үздік деп танылды. Бүгінде Гүлсім Байқоңыр қаласындағы қалалық мәдениет үйі жанынан білікті би маманы Гүлнұр Қайдауылова жетекшілігімен,  құрамында Динара Насырова мен Айшолпан Қайдауылова  сынды өзі сияқты бишілерден құралған «Рандеву» би тобында өнер көрсетеді.
Аталмыш топқа мүше болғанына бір жыл толмаса да ол ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы қоры­ның ұйымдастыруымен  ел астана­сын­да өткен «Жетістіктерге бір­ге» атты  ІІ паралимпиадалық бай­қауына қатысып, жүлдемен оралса, жуырда Қызылорда қаласында өткен  ХIV халықаралық балалар шығармашылығы «ВІ Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңінде Алғыс хатқа ие болды.
– Мен «Рандеву» би тобына жетекшім Гүлнұр апайымның ұсы­нысымен келдім. Бүгінде Динара және Айшолпан сынды биші құрбыларыммен бірге  би өнерінің қыр-сырын меңгеріп жатқан жайым бар. Нәтиже де жаман емес. Біршама байқауға қатысып, жүлдегер де атандым. Жуырда Атырауға жүргелі тұрмыз. Алла қаласа бірер күнде құрбыларыммен ол жақта өтетін фес­тивальге қатысамын. Әрине, менің де өз замандастарым сияқты алдыма қойған мақсатым бар. Тек тезірек аяғыма тұрып, мектептегі сыныптас­тарым сияқты білім жолына түсу, сонымен қатар, бала кезден мақсаттаған арманым би мен өзімнің қолдаушым, демеушім туған әжемнен үйренген қолөнерді жалғастыру. Жетістіктерге қол жеткізу, – дейді Гүлсім.
Иә, адам баласына ауру айтып келмейді. Алайда,  төсекке таңылған талай жан  өзінің қайсарлығымен, өмір­ге деген құштарлығымен  бойын дендеген науқастықты жеңе білген, жеңіп арманына да қол жеткізген. Бұл – ақиқат.
Айтпақшы, 23-мамыр күні қалалық мәдениет үйінде Гүлсім Шанжарбекова  өнер көрсететін «Рандеву» би тобының жеке шығармашылық концерті өтті. Көрермендердің айтуынша, концерт аншлагпен өтіпті. Тіпті жас бишілердің өнерін қала тұрғындарымен бірге, Ақай және Төретам кентінің тұрғындары да тамашалап, қол соқты дейді. 
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Ақай ауылы.
13 маусым 2019 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 213
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031