» » ЕЛБАСЫНЫҢ БАТАСЫН АЛҒАН АЙДАНА

ЕЛБАСЫНЫҢ БАТАСЫН АЛҒАН АЙДАНА

Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектеп ұжымы озық тәжірибесімен ауданға танылған білім ордасының бірі. Әрдайым ізденісте жүретін мектеп ұстаз­дарының тынбай еткен еңбегінің арқа­сында көптеген шәкірт аудандық, облыстық, тіпті республикалық пәндік олимпиада мен басқа да шараларда топ жарып жүр. Сондай талапты шәкірттердің бірі – 10 сынып оқушысы Айдана Ғалымжанова.

«Білімді мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, жас та болса, өзінің білімділігімен, талаптылығымен шәкірттер арасында ерекшеленген Айдана ұстазы, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынзадай Халлаеваның бола­шақта үлкен үміт күтетін шәкіртінің бірі. Жас дарын ұлағатты ұстазының тынымсыз еңбегінің арқасында көптеген белесті бағындырды.
– Айдананы 5-сыныптан бастап түрлі білім сайысына қатыстыра бас­тадым. Еңбектің же­місі бірден келмегенімен, білімге құштар шәкірті­мнің ізденімпаздығының арқасында уақыт өте қалалық, аудандық, облыс­тық пәндік олимпиадалар мен байқау­лардан жүлделі орындарды иелене бастады. Атап айтар болсақ, бұған дейін өткен бүкілресейлік «Олимпис – 2015» орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық конкурсында І орын иесі атанған Айдана өткен оқу жылында облыс бойынша өткізілген пәндік олимпиадада бас жүлдені жеңіп алса, сол жылы Қостанай қаласында өткен республикалық қо­ғамдық-гуманитарлық пәндер олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иемденді. Расында да, «Шәкірт – ұстаз айнасы» дегендей, Айданадай жас білім білгірі менің мақтанышым, – дейді ұлағатты ұстаз.
Мектеп директоры Мира Оспанова да шәкірті туралы өз пікірін жеткізді.
– Мектебімізде дарынды оқушылар жет­кілікті. Олардың арасында өз сүй­іп оқитын пәннің білгірлері, қол­өнер шебер­лері, спорт түрі бойын­ша дарындылар да жетерлік. Десе де, Айдана мектептегі озат оқу­шы­лардың көшбасшысы. Ол өзі­нің дарындылығымен са­бақта озат оқушы болып қана қоймай, қоғамдық жұмыстардың да белсенді мүшесі. Жуырда, яғни қазан айында Айдана Ақтөбе қаласында еліміздің әр аймағынан жиналған дарынды оқу­шылардың қатысуымен өткен «Бақытты бала» атты республикалық форумына қа­тысып қайтты.
Міне, сол форумға Елбасы, ел жастарының қамқоршысы Нұрсұлтан Назарбаев та қа­тысып, жастар алдында сөз сөйлеген еді. Сондай-ақ, форум барысында Мемлекет басшысы әр өңірден қатысқан дарынды жастармен кездесіп, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Кездесуге шәкіртіміз Айдана Ғалымжанова да қатысып, Елбасымен дидарласты. Ақыл-кеңесін тыңдап, батасын алды, – дейді мектеп басшысы.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
28 желтоқсан 2018 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031