» » » Ұлттық нақыш – ЮНЕСКО күнтізбесінде

Ұлттық нақыш – ЮНЕСКО күнтізбесінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет етіп, фотоөнерде өз қолтаңбасын қалыптастырған Марат Жүнісбеков есімі көпшілікке көзтартар, әсем суреттерімен жақсы таныс. Өткен жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО-дағы суреттер конкурсына қатысып, үздіктер қатарынан көрінген. Нәтижесінде, биыл оны ЮНЕСКО-ның Орта Азиядағы бюросының басшысы және өкілі Криста Пиккат ханым штаб пәтеріне арнайы шақырып, суреттер күнтізбеге енгенін хабарлады.  
Бұл күнтізбенің ерекшелігі, Бірік­кен Ұлттар Ұйымына мүше 193 елге тарайды, сонымен бірге ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб пәтеріне де жіберіледі.
Күнтізбеге енгізілген суреттің Нау­рыз мейрамында түсірілгенін айрық­­ша атап өткен жөн. Жаңа жыл­дың бастауы, күн мен түннің теңесуінде бүл­дір­шін­дер­дің ұлттық киімде билеп жүр­гені өте әсер­лі екені анық. Марат Жүнісбеков осы­лайша сурет өнері арқылы Қазақ елін, оның мәдениеті мен дәстүрін таныту үлкен бақыт екенін айта кетіп, алдына үлкен мақсаттар қойып отырғанына тоқтал­ды. Ол осы еңбегі арқылы Елбасы­мыз­дың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сы­на өз үлесін тигізетініне сенімі мол. «Бұл күнтіз­бе­дегі бір суреттің өзі елі­міз, ұлттық дүниетаным жайында дұрыс пікір қалыптастыруға септігін ти­гізеді деп білемін. Қаншама шетелге тарайтын күнтізбеде суретіммен қоса аты-жөнім жазылғаны маңыз­ды емес. Бәрінен де еліміздің болашағы – бала­лар­дың Наурызды тойлау сәті енгені көңілге жылулық ұялатады» деді ол.
07 ақпан 2018 ж. 1 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 238

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930