Құрылтай
» » » Текті сөздің төресі-терме

Текті сөздің төресі-терме

Облыстық "Жас ұлан" ұйымының қолдауымен, Қармақшы аудандық "Жас ұлан" ұйымы және Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінің ұйымдастыруымен "Текті сөздің төресі-терме" тақырыбында жыр керуені өткізілді. Аталмыш шараға облыстан 20-дан аса қонақтар келіп, Тұрмағамбет атындағы саябақта орналасқан Т.Ізтілеуов ескерткішіне тәу етті. №29 орта мектебінің директоры Зәрипа Жаппарқызы мектеп мұражайындағы құнды жәдігерлерді, ауылдың тарихымен таныстырды. Сонымен қатар "Жас ұлан" сағаты өткізіліп, оқушылар Тұрмағамбет атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы көп мәліметтер алды. Ауылдық мәдениет үйінде "Текті сөздің төресі-терме" атты жыр керуені өтіп, онда облыстың барлық аудандарынан келген жас термешілер және Тұрмағамбет ауылының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында облыстық "Жас ұлан" ұйымының атқарушы хатшысы Гүлайым Ермекбайқызы жас термешілерді арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.



05 мамыр 2019 ж. 1 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31