» » » ЕЛДІКТІҢ АЙҒАҒЫ

ЕЛДІКТІҢ АЙҒАҒЫ


Арқаның төрінде, сылдырап аққан ерке есілдің бойында орна­ласқан айбынды астанамыз бү­гі­нгі күні 20 жасқа толды. Ас­та­­наның алып жатқан асуы, тұғыр­лы тәуелсіздігіміздің, еңселі елді­гіміз­дің, айбарлы азат­тығы­мыз­дың арқасы. Шаһардың бүгін­де ұш­қыр дамып, гүлденуі бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, шаттығы шал­қыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адам­затты бауырына баса білген дар­хандығы мен елбасымыздың дара басшылығының арқасы.
Аудандық оқушылар үйіндегі «Көш­­басшы» үйірмесінің ұйым­дас­­­тыруы­мен «Астана-Тәуел­сіз­діктің тірегі» тақыры­бында өт­кен кездесуде осыған тағы да көз жеткіздік. Шараның мақсаты-оқушыларға Елордамыздың тари­хы, еге­мендік туралы түсінік бере отырып, туған елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеп, патриоттық сезімін ояту.
-«Астана болашақтың қаласы. Ондағы кез келген ғимаратта, EXPO көрмесіне арнайы жасалынған кешендерде көз тартарлық. Құд­ды бір басқа әлемге түсіп кет­кендей болдық. Оқушылармен бірге алған әсерімізді көзбен көрмесе, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес»,-деді, №121 мектеп директорының орынбасары және «жас ғалымдар» кеңесінің төрағасы Айбол Қозыбақов.
Шара барысында басқа келген қонақтар да Астана төңіре­гінде өз ойларын ортаға салды. Әрбір қатысқан оқушылар мен қонақтар аста­наның туған күніне ақжолтай тілегін жолдады.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
23 қаңтар 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031