Құрылтай
» » » Облыстық күйшілер байқауы өткізілді

Облыстық күйшілер байқауы өткізілді

Үстіміздегі жылдың 10 шілде күні Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай "Ұлт рухының үні - Дина" атты облыстық күйшілер байқауы өткізілді.
Байқауға Қызылорда қаласы және аудандардан 9 талапкер қатысып 2 кезең бойынша бақ сынасты. Байқауға Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық әуез мектебінің ардагер ұстазы - Мәденова Бағдагүл Әмитқызы, сазгер, Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық әуез мектебінің ұстазы - Тұрымбетов Жарқынбек Жаулыбайұлы және Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері - Шакарова Гүлфариза Шакарқызы төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІІ орынды Шиелі ауданынан Ақжол Жансерік және Қызылорда қаласынан Қалыбаев Арсен, ІІ орынды Қызылорда қаласынан Жұмабеков Димаш және Сырдария ауданынан Нұрмағамбетов Нартай, І орынды Жалағаш ауданынан Аманқос Нұрдәулет, байқауымыздың БАС ЖҮЛДЕСІН Қармақшы ауданынан Жасаңбаев Мадияр иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
11 шілде 2026 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31