» » » Облыстық суретшілер байқауы өтті

Облыстық суретшілер байқауы өтті



Аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай «Бояулар құпиясы» атты облыстық суретшілер байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан 12 өнерпаз қатысып, 2 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Байқауға аудандық өлкетану музейінің суретшісі Жанабилов Бекзат Сламбекович, Қармақшы аудандық оқушылар үйінің «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театрының суретші - декораторы Сайлауов Мирамбек қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде - Жүсіпбек Мәди /Жалағаш ауданы, Далдабай ауылы/, І орын - Яхия Нұрдәулет /Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы /, ІІ орын - Айтжанбек Әдемі /Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы/, ІІІ орын - Қасыралы Дариға /Қазалы ауданы, Абай ауылы/ иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
10 қыркүйек 2025 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930