» » » ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

Сәрсенбі күні К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде жампоз жырау Орақ Дәнекеровтің туғанына 85 жыл толуына арналған «Ордалы жырдың Орағы» тақырыбында аудандық қисса-дастан жырлаушылар фестивалі өтті.
Рухани шараның басты мақсаты – Сыр бойы жыраулық өнерінің көрнекті өкілі Орақ Дәнекеровтің шығармашылық мұрасын ұлықтау, ұлттық өнерді насихаттау және жыршылық дәстүрдің сабақтастығын дәріптеуге арналды.
Фестивальдің шымылдығын аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов пен Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев ашып, жырау мұрасының ұлт руханиятындағы орнына тоқталды.
Фестиваль барысында қатысушылар халықтың рухани қазынасына айналған Орақ жыраудың жыр қорындағы қисса-дастандары мен термелерін орындап, көрермен қауымға ерекше әсер сыйлады. Кеш аясында жыраудың өмір жолы мен өнердегі өнегелі қызметі насихатталып, арнайы дайындалған бейнепролог көрсетілді.
Шараға жыршылық өнердің майталмандары, мәдениет саласының өкілдері, өнерсүйер қауым мен жас буын қатысып, Сыр сүлейлерінің мұрасына тағзым жасады.
Фестиваль соңында қатысушыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сыйақы табысталып, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылық білдірілді. Сондай-ақ жыраудың ұрпағы Абылай Дәнекеров, ағайыны, еңбек ардагері Самат Көшекбаевтар алғаусыз алғыстарын жеткізді.
Қамар СӘРСЕНБАЕВА
21 маусым 2026 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031