» » » Астанаға балеттің хас шеберлері жиналды

Астанаға балеттің хас шеберлері жиналды

Осы тақырып бойынша Ақтаулық кәсіпкерлер туған жер мерейтойына тарту жасады Бейжіңде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған баскетбол турнирі өтті Алматыдан 144 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды Елордалықтар 20 шақырымдық дуатлон сайысына қатысып жатыр Қызылордалық «магнит адам» қолдың көмегінсіз 100 келіден астам темірді көтереді Астанада балет мерекесі басталды. Елордаға әлемдік балеттің хас шеберлері жиналды. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған Eurasion dance Festival атты халықаралық шараның бағдарламасы ауқымды. Мысалы, бүгін елордалық көрермен классика жауһары саналатын «Жизель» премьерасын тамашалады. Бұдан бөлек биыл хореография өнерін бағалаушылар Испанияның әйгілі Castro Romero ұжымының, Қытай, Словения, Португалия, Голландияның ұлттық балетін, Ресейдің Үлкен театр әртістерінің өнерін тамашалай алады. Бұл әйгілі балет труппаларының дені бұрынғы Кеңес одағы елдерінің сахнасында бұрын-соңды өнер көрсетпеген. Фестивальге Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театр ұжымы мен «Астана Балет» театрының жетекші солистері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қойылым билеттері күні бұрын сатылып кеткен, сондықтан сөзсіз аншлаг күтілуде. Алишер Хасанов фестивальдің қоюшы-режиссері: - Бұл – қазақстандық көреремен үшін әлемдік балет шеберлерінің өнерімен танысу үшін таптырмас мүмкіндік. Шетелге барып көру кез келген адам үшін қолжетімді емес. Балет өнерінің мәні сол. Қойылымды сахнадан өз көзіңмен көру. Әлбетте, келген қонақтар да халқымыздың мәдениетімен танысып біліседі.

25 маусым 2018 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930