» » » «АСТАНА БАЛЕТ» – СЫР ЕЛІНДЕ

«АСТАНА БАЛЕТ» – СЫР ЕЛІНДЕ

Астананың 20 жылдық мерейтойы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесі аясында «Астана Балет» театрының труппасы бүгін Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында өнер көрсетеді. Шығармашылық ұжым орындаушылық деңгейін, еліміздің хореография өнерінің заманауи және ұлттық үлгілерін паш етпек.

Бұл жайында кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана Балет» театрының директоры Валерий Күзембаев айтты.
– Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы еліміздің тұңғыш астанасы Қызылорда қаласынан бастау алатын болады. Көрерменге театрдың алуан түрлі бағдарламасы тарту етілмек. Онда халқымыздың мәдениеті пластика тілімен жеткізіліп, «A fuego lento» бір актілі балеті мен «Клеопатра» балетінен үзінді келтіріледі. Көрермендерімізге 5 жылда жеткен жетістіктерімізді паш ететін боламыз, – дейді театр директоры.
«Астана Балет» – өз репертуарында классикалық балет нышандары мен әлемнің түрлі халықтарының заманауи билерін үйлестіріп отыратын театр.
– «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінің ұлттық бояуы қанық. Барлық композициялар дәстүрге бай, сан қырлы әрі эмоциялық қуаты басым. Ғажап музыка мен қайталанбас көркемдік бейнелер жадыңызда мәңгі сақталып қалары анық. Бұл бағдарлама заманауи ұлттық балеттің дамып жатқанына әрі бірегей құбылыс ретінде танылуына мүмкіндік береді. Балет әртістері талап пен жауапкершілікті ұштастыра білген ұжым. Қолтаңбасын күллі әлемге қалдырып жатқан ұжымның алдағы жоспары ауқымды, – дейді қоюшы-хореограф Айгүл Тати.
Репертуарының алуан түрлілігі, орындаушылық деңгейі мен спектакльдердің сахналық безендірілуі «Астана Балет» театры шығармашылығын дүние жүзіне ерекше қошеметке ие еткен.
Қызылордалық көрермен назарына ұсынылатын «Клеопатра» балетінің үзіндісі жайында айта кетсек. Бұл Мысыр патшайымының көпшілікке беймәлім кезеңін, яки, сіңлісі Арсиноямен тақ үшін күреске түскен шағын баяндайды. Клеопатра мен Арсиноя тағдыр патшасы, адам өмірінің әміршісі Лахесистің назарын өзіне аудартпақшы. Себебі, Лахесистің қолында Клеопатра мен Арсинояның мазасын алған биліктің кілті тұр.  Ал, «A fuego lento» атты келесі балет, асыл махаббат сезіміне алғаш еліткен тұста бойды кернеген эмоциялық қуат пен алаңдаушылық сезімін сөз етеді. Тәніңіз ерекше күйге түсіп, шаттық сезіміне бөленесіз, ал, ішкі жалын бойыңызды өртеп әкетеді. Ғашық жан үшін күллі әлем сүйіктісінің айналасына тоғысқандай көрінеді, ал, өмірдің мәні тек махаббат деп біледі.
Мамандар екі күнге созылатын «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасының табысты өтетіне сенімді.  
Естеріңізге сала кетейік, «Астана Балет» театры Мәскеу мен Санкт-Петербург, Бейжің, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Баку, Нью-Йорк, Токио және Варшава қалалаларының әлемге әйгілі сахналарында өнер көрсеткен.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».

08 сәуір 2018 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031