» » » «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА

«АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА

   

«Астана-Балет» театры ұжымы шығармашылық іс-сапармен Қызылордаға келді. Алдағы 7-8 сәуір күндері аталмыш өнер ұжымының әртістері Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында өнер көрсетпек.                             

  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана Балет» театрының директоры Валерий Күзембаев мәлімдеді. Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткелі отырған шарада жиналған көпшілік халқымыздың мәдениеті пластика тілімен жеткізілген «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын тамашалайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «A fuego lento» бір актілі балеттері мен «Клеопатра» туындысынан үзінді көрермен назарына ұсынылмақ.        
            Айта кетейік, құрылғанына 5 жыл ғана толған жас труппа қазіргі таңда тек елімізге ғана емес, алыс-жақын шетел жұртшылығына да танымалдығы артып келеді. Бүгінге дейін олар Ресей, Қытай, Франция, Австрия, Корея, Мажарстан, Әзірбайжан, АҚШ, Жапония, Польша сынды әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсетіп үлгерген.
                                                                           Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.      

07 сәуір 2018 ж. 1 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031