» » » Халық театры қалай құрылды?

Халық театры қалай құрылды?

Театр – өмір айнасы. Одан бір уақыт өз іс-әрекетіміз бен болмысымызды, сөйлеу мәдениетімізді көргендей боламыз. Бекзат өнердің көрерменге берері көп. Әйтсе де, «Әкем театры жоқ» ауыл тұрғыны немен сусындап жүр? Тамыры терең, тарихы кенен рухани өнердің қарашаңырағы – халық театрының бүгінгі тыныс-тіршілігін бағамдап көрген едік.
Аудандағы халық театры 1972 жылы құрылды. Бұл сол кезде жергілікті тұрғындар үшін үлкен сенсация болатын. Мәдениет үйі жанынан құрылған халық театрына жас режиссер С.Сармолдин жетекшілік етті. Халық театры жазушы-драматург Қ.Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» спектаклімен шымылдығын түрді.
Қойылым актерлерінің орындау шеберлігі, көрермен тартуы, сахнаның көркемдік безендірілуі, музыкалық сүйемелдеу сынды талаптар көпшілік көрермен мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болған еді. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, танымал режиссер Әзірбайжан Мәмбетов бастаған қазылар алқасы шығармашылық ұжымға «Халық театры» атағын беруге бір ауыздан шешім қабылдады. Мәдениет үйі жанындағы тұңғыш «Халық театры» осылайша өмірге келген-ді.
Содан бері театрдың елмен етене жұмыс істеп келе жатқанына биыл – 44 жыл. Талай асулар мен биіктерді бағындырған театр ұжымы әркез шығармашылық ізденіс үстінде. Театр жұмысы жекелеген ұжымдарда жаңадан пьесса, спектакль сахналауға, ал бұрыннан қалыптасқан ұжымдарда оны әрі қарай дамыта түсуге зор ықпал етті.
Сонау «Қуырдақ дайыннан» басталған ілкімді жұмыс бірқатар еңбек ұжымдарында жалғасын тауып, жастардың, еңбек адамдарының рухани жан дүниесін өсірді, сахнадағы шеберлігін арттырды. Жастар талпынып, өнер адамдарының қанаты қатайды. Халыққа мәдени қызмет көрсету шеңбері ұлғайды. Спектакльге тың да өзекті тақырыптар таңдалып, репертуарлар көбейді. Көрермен көзайымына айналған – халық театры бүгінгі күнге игі жетістіктермен жетті.
Бүгінге дейін театрда М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы», І.Жансүгіровтің «Кек», О.Бодыбековтің «Арман азабы», «Өзіме де сол керек», Қ.Мұхаметжановтың «Үйленгім келмейді», Т.Ахтановтың «Қанжар мен домбыра», «Күтпеген кездесу», Д.Ботбаевтың «Дөкей келе жатыр», Б.Өзбековтың «Ақ жүрегім», Гогольдің «Ревизор», С.Досжановтың «Осындай да кездесу болады екен?», С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал», Я.Амандықовтың «Күйреу», З.Қыстаубайұлының «Аспиранттың ақ шымылдығы», М.Хасановтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» сынды қойылымдары сахналанып, көрерменге жол тартты.
Қармақшы – киелі мекен. Қасиетті топыраққа түркі әлемінің абызы, күй атасы – Қорқыт бабамыздың жамбасы жерге тиген жер. Облыста өнер ұжымдары арасында И.Ғайыптың «Қорқыттың көрі» қойылымын бірінші болып Қармақшы аудандық мәдениет үйі халық театрының сахналауы да тегіннен-тегін болмаса керек. Аймақтағы мәдени мекемелер арасында топ жарып, қойылымды халыққа паш еткен – қармақшылық өнерпаздар «Сыр елі – жыр елінің» рухани өресін көрсеткендей.
– Республикада алғаш «Халық театры» атағын жеңіп алудың орны бір бөлек. Ол жаңа өнер саласына леп берді. Театр жұмысын жандандыруға мәдениет саласының майталманы Сұлтан Сармолдин ағамыз көп еңбек сіңірді. Ауданымыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне басшылық еткен ол Сыр елі өнері мен мәдениетінің шынайы жанашыры, жетекшісі болды. Б.Исаева, Б.Бисенбаев, Т.Сәрсенов, Н.Сағымбаев, Қ.Оспанова, О.Төребаев, С.Жұматаева, Б.Даданбаевтар театрды абырой биігіне көтерсе, бұл күндері жас актерлар М.Сайлауов, Б.Исаева, Б.Сармолдина, Е.Баймаханов, О.Төребаев, К.Бекмаханова, Б.Қуатбаев, Ж.Мәденова, А.Есіркепова, тағы басқалары аға буын салған сара жолды жалғастырушылар. Айталық А.Есіркепова әйел образын шебер бейнелегені үшін облыста «Үздік әйел актер» аталымымен марапатталса, М.Сайлауов халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауында «Қорқытты» сәтті сомдағаны үшін І орынды жеңіп алды. Тарихқа салсақ, 44 жыл аз уақыт емес. Шуақты күндер мен жемісті жылдар театрдың шын мәніндегі өнегелі өнер тарихын жасады. 2009 жылы С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», 2011 жылы С.Асылбековтың «Желтоқсан түні», Т.Әбдікұлының «Біз үшеу едік...» атты спектакльдері халыққа ұсынылса, 2016 жылы С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» спектаклімен «Халық театры» атағын қорғап, байқаудың бас жүлдесін қанжығаға байлады. Ал, ұжым әртістері 2017 жылы Ә.Мәжитовтың «Мың асқанға – бір тосқан» спектаклімен облыстық театрлар фестивалінде жүлделі ІІ орын үдесінен көріне білді. Ұжым белсендісі, суретші әрі актер М.Сайлауов «Үздік декоратор-суретші» аталымымен мадақталды, – дейді театр режиссері Ақмарал Кішкентаева.
Айта кетсек, театр режиссері А.Кішкентаева облыста «Ең үздік режиссер» аталымының екі мәрте жеңімпазы, өз ісінің шебері. Сондай-ақ Ғ.Шакизада, А.Байтабынов, Г.Бақытбекова, Г.Шакарова, Ү.Әбуов аталған ұжымның жалындаған жас әртістері. Спектакльдің сәтті шығуының бір себебі, оның сахналық безендірілуіне де байланысты. Бұл ретте суретші-декоратор М.Сайлауовтың еңбегі көпке үлгі.
Қазіргі кезде театр жанынан «Қуыршақ» үйірмесі ашылып, жұмыс істеуде. Биылғы жылы кент орталығындағы балабақшалар тәрбиеленушілері үйірменің «Маржан және оның достары» атты заманауи ертегісін тамашалап, шаттыққа бөленді.
Ия, көңіл-күйіңізді көтергіңіз, рухани сусындағыңыз келсе, имандылық пен мәдениет ордасы – театрға барыңыз. Одан жан-дүниеңіз тынығып, бір сергіп қаларыңыз сөзсіз.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
04 сәуір 2018 ж. 2 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031