» » Суретшілердің "Кездесуі"

Суретшілердің "Кездесуі"

Көркем сурет галереясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей той қарсаңында қаламыздағы суретшілердің «Кездесу» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге бейнелеу өнеріне өз үлестерін қосып жүрген Сыр елінің суретшілері Темірбек Сағымбаев, Ғалымжан Тлеубергенов және Гүлнар Тәжіктің шығармалары қойылды. Қылқалам шеберлерінің 80-астам туындылары жиналған қауымға ұсынылды. Көрмеде суретшілерге сәттілік тілеген аға буын өкілдері Қазақстан Суретшілер одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Мәдениет қайраткері Амангелді Кененбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры Мұхит Әбдікәрімов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі Әмір-Темір Хұсейн суретшілерге сөз сөйлеп, көрмені ашты.

Осы ретте, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының қойылым бөлімінің меңгерушісі, суретші Темірбек Сағымбаевтың тың дүниелерін атап өтпеу мүмкін емес. Темірбек Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Т.Сағымбаев театр репертуарына енген бірнеше қойылымдардың декорацияларын дайындады. Атап айтар болсақ, Ж.Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы», Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу», М.Сәрсекенің «Тендрге түскен келіншек», Б.Әлімжановтің «Ең сұлуым - Меңсұлу», Б.Айдарбековтің «Қара мең», С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», Ә.Тауасровтың «Махаббат аралы», Қ.Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» және балаларға арналған «Рахмет, үлкен рахмет», «Алтын ноқта, «Күлшеқыз» және «Ойыншықтар» қойылымдардың декорациялық эскиздері мен костюм эскиздерінің, сонымен қатар, театрдың «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының Ж.Қожаберген, К.Жанмұратованың «Ит пен мысық, тышқан дос», М.Дәуренбекованың «Тосын сый», Ж.Қожаберген, К.Жанмұратованың «Ақылды бұзау», «Аладдиннің сиқырлы шамы» балалар қойылымдарының суретшісі. Жыл сайын жаңа жыл мерекесінде театр сахнасында өтетін жаңа жылдық балалар ертеңгілігінің де сахналық декорациялары мен костюм үлгілерін жасап келеді. Облыстық деңгейде өткен бірнеше шығармашылық кештер мен атаулы мерекелердің сахналық декорацияларын даярлап жүрген қылқалам шебері.

05 сәуір 2018 ж. 1 971 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031