» » Алматыда бүгін екі рет жер сілкінді

Алматыда бүгін екі рет жер сілкінді

Алматыда бүгін екі рет жер сілкінді

Бүгін, 1 сәуірде Алматыдан 720 және 397 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сейсмологтердің мәліметінше, 1 сәуірде таңғы сағат 07.18-де  Алматыдан шығысқа қарай 720 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1, магнитудасы - 5.0. Зілзала ошағы 5 шақырым тереңдіктен анықталды. Алайда жер сілкінісі сезілмеген.
Шамамен бір сағат өткенде магнитудасы 4,7 болатын екінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 08.29-да тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, зілзала ошағы 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Алайда бұл жер сілкінісі де сезілген жоқ.
Еске сала кетейік, 26 наурызда Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Ол кезде зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырымда , Қапшағайдан оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде болды.
01 сәуір 2018 ж. 1 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 962
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031