» » » ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚОЙЫЛЫМ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚОЙЫЛЫМ


Бүгін Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Кездесу мен қоштасу» атты спектакль-мюзикл қойылымы сахналанды. Шығармашылық кешке аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, отбасы институтының өзекті мәселелерін арқау еткен қойылымды тамашалады.

Қойылымда қазіргі қоғамда жиі кездесетін отбасы мәселелері, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, түсініспеушілік пен тұрмыстық қиындықтар көркемдік тәсілдермен шынайы бейнеленді.

Спектаклдің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұялық келісім мен өзара сыйластықтың маңызын кеңінен насихаттау. Қойылым мазмұны, сахна мәдениеті және актерлердің шынайы ойыны арқылы көрермендердің оң бағасын алды.

Бұл туынды отбасы тақырыбын жаңа қырынан ашып, жастар мен ата-аналар үшін маңызды ой тастады.

Шараға аудан әкімінің орынбасары қатысып, қойылым соңында сахна төріне көтеріліп, өнер көрсеткен аудан өнерпаздарына алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

16 сәуір 2025 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728