» » Бақытты отбасы – мемлекет тірегі

Бақытты отбасы – мемлекет тірегі

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Бақытты отбасы – берік мемлекеттің негізі» тақырыбында «Жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партия мүшелерінің арасында тренинг өткізілді. Оның басты мақсаты – әр отбасында мейірімді қарым-қатынас орнатып, ата-ана мен бала, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті қалыптастыру.
Тренингке Байқоңыр қалалық қоғамдық келісім, «Отбасы қолдау орталығының» психолог маманы А.Оспанов, «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының мүшесі Қ.Сыражанова және партия мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында Қанымша Алтынбайқызы жанұя берекесі мен құндылықтарын сақтай білу, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелердің шешімін табу, бала тәрбиесі туралы жастарға, жас отбасыларға бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар жанұялық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңу керектігін атап өтіп, отбасындағы татулық, сыйластықты сақтау жөнінде кеңестерін айтып, тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.
«ҚТ» ақпарат
21 шілде 2024 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 801
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 089

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930