» » » Қармақшыда «Ең әдемі келіншек» драмасының қойылымы өтті

Қармақшыда «Ең әдемі келіншек» драмасының қойылымы өтті


Аудандық Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде көрермендер белгілі қаламгер-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың әйгілі «Ең әдемі келіншек» драмасын тамашалады.

Қызылорда қаласындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен өткен бұл қойылым, отбасы құндылықтарын дәріптеп, көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Қойылым қазіргі қоғамда жиі орын алатын жанұялық жанжалдар мен отбасылық мәселелерге арналған.
Қойылымның негізгі идеясы – отбасылық татулық пен түсіністіктің, кешірім мен шыдамдылықтың адам өміріндегі маңызды орын алатынын ұғындыру болды.

Спектакльдің көркемдік деңгейі жоғары болып, актерлердің шеберлігі көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Мәдени шара отбасы құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосып, көрермендерді ойландырып, терең толғанысқа жетеледі.

Айта кетейік, театрлық қойылым аудан әкімшілігінің қолдауымен көрермендерге тегін ұсынылды.

18 қазан 2024 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930