» » » Жыр бәйгесінен бас жүлде

Жыр бәйгесінен бас жүлде

Қармақшы топырағы – небір дүлділдер шыққан мекен. Жүз жырауын жүзіктеген киелі ортада сонау ғасырдан күні бүгінге дейін өлең-жырға ден қойып, сол арқылы рухын тіктеген. Атадан балаға мұра болып келе жатқан жыр өнерінің қазіргі кезде де туы көкте желбіреп тұр.
Оның бір дәлелі – жуырда Сырдария мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Айдарлы ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен өткен Саяси ғылымдарының докторы, профессор, журналист, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкірдің 85 жасқа толу мерей- тойына арналған облыстық жыр мүшәйрасында жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Достық Тілеубергенов бас жүлде иеленді.
«Тұлға. Қайраткер, Қаламгер» деп аталған байқауға кіл мықтылар қатысып, бақ сынады. Топтың ішінен жарып шығып, ауданымыздың мерейін өсірген Достық ағамыздың шығармашылығына әрі қарай да мол табыстар тілейміз!

СЫР ҰЛЫ ТУРАЛЫ СЫР
Уа, далам, саған қадасам
қарашығымды,
Көкжиек асып көңілім толқытты мені.
Нала түнімді немесе дара күнімді
Келеді солай құндақтап
Қорқыттың елі.
Елтіп бір қобыз үніне үрдің қыздары,
Сызылтып салар Сырдағы
сұлу ән қандай!
Киелі мекен десеңші, шіркін, бұл-дағы
Өтем-ау осы өмірден сырын
ұға алмай.
Ағалар барда адымым алшаңдап
бастым,
Кім-кімде күтер ізет пен үміт, тегінде.
Қалайша қалқам, жаныңа
жақын тартпассың
Жүрегін отқа қақтаған жігіттерін де.
Даладай дархан, осындай
дара тұлғалы,
Сал-серім сөзін отырса сайлап төрдегі.
Секілді бидай арпаның арасындағы
Қалдырар қайран қоғамдық
қайраткер мені.
Өлкемнің өңкей өрені өр,
мығым ба еді,
Дауылдат даңқын даралап
ғасырдың үні!
Сұғынған соны соқпаққа,
Өз биігіндегі,
Қошқардың ұлы Әбдіжәлел –
Бәкірдің ізі.
Жұрағат жұртым жайсаңын
білді ме танып,
Қапысыз кемел келетін
күндерге сенген.
Сарабдал ойын сараптап,
сүзгіге салып
Кесіп те сөйлер кескінін
мінберден көргем.
Сеңгірдің сексен бесінде
маңмаңгер бүгін,
Арайлы аймақ ардақ тұт алаш
баласын!
Қарақты байқар
қарымды қаламгерлігін
Қияда түлеп, қырандай қанаттанатын.
Зерттеуі әне – ғылымның
қайнар бұлағы,
Мұстафа Шоқай – Алаштың аңызы
бұл күн.
Ауылдан шыққан
атпалым Айдарлыдағы
Секілді бейне бүгінгі абызы Сырдың.
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
05 сәуір 2025 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930