» » Ақын мен оқырманды қауыштырған кездесу

Ақын мен оқырманды қауыштырған кездесу


БІЗДІҢ ӨЛКЕ – РУХАНИЯТТЫҢ, ЖЫРДЫҢ ӨЛКЕСІ. ОСЫДАН СӘЛ ЕРТЕЛЕУ УАҚЫТТА ЖЫРШЫЖЫРАУЛАРЫМЕН АТЫ ШЫҚҚАН ӨЛКЕМІЗ, ҚАЗІР ДЕ ҚОЛЫНА ҚАЛАМ ҰСТАҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕРДЕН КЕНДЕ ЕМЕС. ОЙҒА ТҮЙІП, КӨҢІЛГЕ САРАЛАҒАН ДҮНИЕСІН ҚАРА ӨЛЕҢМЕН КЕЛІСТІРГЕН АҚЫНДАР АРАМЫЗДА ЖҮР.
Жақында аудандық кітапханада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Елге сәлем» жобасы аясында «Жыр маржаны – Қармақшы» атты кездесу кеші өткізілді. Бұл жиынның басты мақсаты – ауданнан шыққан қаламгер, ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау, қаламгер мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
Ақын, ардагер ұстаз Орынкүл Тынымбаева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ұстаз Достық Тілеубергенов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, ұстаз Дастан Нәзікбаевтар кештің құрметті қонақтары ретінде төрден орын алды. Сонымен қатар Алтай Үсенов, Асқар Мереков, Шегебай Құндақбаев сынды зиялы қауым өкілдері, облыстық, аудандық кітапханалардың кітапханашылары мен оқушылар қатысты.
Қорқыт бабаның мәңгілік мекені атанған өлкеде қаламгерлер сөз алып, жырдан шашу шашты. Жас оқырмандар ақындардың өлең жолдарынан үзінділер оқыды. Қоғам зиялылары берері мол кездесу туралы өз ойларын айтып, оқушыларға ой салар қызықты әңгімелермен бөлісті. Ақындар сиясы кеппеген өлеңдерін оқырманға оқып берді.
– Жалпы «Елге сәлем» жобасы облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен былтыр басталды. Осы уақытқа дейін Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында осындай іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі ақындармен кездесу кеші үлкен сабақ болатындай мәні бар жиын болды. Осы кеште отырған барлығымыз аға буын өкілдерінен рухани азық, үлкен байлық алдық. Тіл мәселесі, кітап оқу, сөз саралау жөнінде толымды пікірлер айтылып, тың деректер берілді. Жазарларыңыз көп болсын, – деді облыстық кітапхананың әдіскері Мәдина Абдуллаева.
Жиын соңында қаламгер қауым өздерінің жыр жинақтарын қолтаңбаларымен облыстық кітапхана қорына тарту етті. Киелі Қармақшының қаламгерлерін енді облыс жұртшылығы да оқып, рухани нәр алмақ. Ақын мен оқырманды қауыштырған осындай келелі кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 қараша 2023 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 282

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930