» » » ТАШКЕНТКЕ ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

ТАШКЕНТКЕ ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

Жақында Түркістан қаласында «Farab» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Zhana beles» тақырыбында республикалық өнер байқауы ұйымдастырылған болатын. Ел деңгейінде өткен өнер сайысына Қазақстанның әр түкпірінен дарынды өнерпаздар қатысып, бақ сынасты. Осы шаршы топта біздің ауданымыздан да өнерлі балалар аспапта ойнаудың шеберлігін көрсетті.
Атап атар болсақ, Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің оқушылары түрлі шығармалар ойнап, көрерменнің қошеметіне бөленіп қайтқан-ды. 500-ден аса өнерпаз бағын сынаған байқауда «Ұлттық аспапта орындау» жанры бойынша кіші топтан Мырзаәли Оңталап (жетекшісі З.Сәрсенбаева), Аяулым Нұрлыбек (жетекшісі А.Көшекова), Жансұлу Ермекқызы (жетекшісі Ж.Мәденова), Нұрзат Болатбай (жетекшісі Р.Табынбаева), Арнұр Уалиханова, (жетекшісі А.Жағалова) 1 орыннан көрінсе, орта топтан Нұриддин Мирамбекұлы (жетекшісі З.Сәрсенбаева) бас жүлде және қаржылай сый-сияпатқа ие болды. Баян аспабы бойынша Назым Бегалиева 2-орынға (жетекшісі Н.Сүлеева) табан тіресе, сонымен қатар домбырашылардан құралған «Қорқыт» ансамблі байқаудың бас жүлдесі мен қаржылай сыйлығын қанжығаға байлады. Ансамбль мүшелері – Нуриддин Мирамбекұлы, Нұрсұлтан Алпамыс, Саламат Қайруллаев.
Гүлсезім Серікбаева, Хамза Исаев сахна төрінде сырбойылық күйші-композитор Дархан Жаңабаевтың «Жігер» күйін жігерлендіре ойнап, елді сүйсіндірді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушыларымызға келесі жылдың наурызында Өзбекстан мемлекетінің астанасы – Ташкентте өтетін Халықаралық байқауға жолдама берілді.
Оқушыларымыздың жетекшілеріне шығармашылық табыс, шәкірттеріне сәттілік тілейміз!
Жұлдызай ӘМИТҚЫЗЫ
03 желтоқсан 2024 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 101
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031