» » » ҚАЗАҚТЫҢ КҮМІС КӨМЕЙ КӨШЕНЕЙІ

ҚАЗАҚТЫҢ КҮМІС КӨМЕЙ КӨШЕНЕЙІ

Көшеней жырау - көңіл арнасын жыр атты өзенге бұрып, өмір достығын қатарластарымен қазынадай бөліскен, текті жердің топырағында талайлармен тел өскен, бел мен белестен қатарласа өтіп, қасиет құндаған, дүние үнін тыңдаған, тебіреніс жүректі, ел тіректі ұзан жыраулардың жалғасы еді.
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастырумен даңғайыр жыраулар Жиенбай, Рүстембектердің мұрагер ұрпағы, даңғайыр жырау Көшеней Рүстембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Жыр шеруін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы ашып, Көшеней жырау жайлы ой толғамымен бөлісіп, жыршы – жырауларға сәттілік тіледі.
Жыр шеруіне Қасарбек Кәрібаев /Қызылорда қаласы/, Берік Саймағамбетов /Қызылорда қаласы/, Амандық Бүрлібаев /Қызылорда қаласы/, Айбек Тәңірбергенов /Арал ауданы/, Майра Сәрсенбаева /Қызылорда қаласы/, Айгерім Ешбаева /Қармақшы ауданы/, Серік Жақсығұлов/Қызылорда қаласы/, Болат Баймұратов /Қызылорда қаласы/,Байбол Көшеней /Қызылорда қаласы/ Көшеней жырауға арналған арнау жырлар мен Сыр сүлейлерінің шығармаларын қазақтың қара домбырасында Сырдың сырлы мақам саздарына салып нақышына келтіре орындап, көрермендер қошеметіне бөленді.
Бақ пен баптары қатар шапқан жалынды да дарынды жыршы-жыраулар Қармақшы ауданы әкімінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтармен марапатталды.
Сахнада сұлу Сырдың жырларын әуелетіп, жыраулық дәстүрді дәріптеп жүрген жыршы – жырауларға алдағы уақыттарда шығармашылық мол табыстарды тілейміз!
Төбемізде арайланған азат күн,
Ғалам кезген ғаламаты ғажаппын.
Жампоз жырау, жалын жүрек- жыр дәуір.
Күміс көмей Көшенейі қазақтың!
Ия. Құлагердің құлынындай құлдыраңдап,жыр жауһарын дәуренінде дәрежелеп өткен Қармақшының кең дауыс, кемел болмысы күн көңіл Көшенейі елдігіміздің, теңдігіміздің тәуба жырындай ұрпақтар санасында мәңгілік жырды мұраттай бермек.

27 қыркүйек 2024 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031