» » Қазақтың күміс көмей Көшенейі

Қазақтың күміс көмей Көшенейі


qarmaqshy-tany.kz Көшеней жырау - көңіл арнасын жыр атты өзенге бұрып, өмір достығын қатарластарымен қазынадай бөліскен, текті жердің топырағында талайлармен тел өскен, бел мен белестен қатарласа өтіп, қасиет құндаған, дүние үнін тыңдаған, тебіреніс жүректі жыраулардың жалғасы еді.
Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастырумен даңғайыр жыраулар Жиенбай, Рүстембектердің мұрагер ұрпағы, даңғайыр жырау Көшеней Рүстембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты облыстық жас жыршылар байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Жыр байқауын Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы ашып, Көшеней жырау жайлы ой толғамымен бөлісіп, жас жыршы – термешілерге сәттілік тіледі.
Арнайы бекітілген қазылар алқасының құрамында Жақсығұлов Серік Орынбекұлы - Жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Халықаралық ақындар мен жазушылар одағының мүшесі, облыстық Н.Бекежанов музыкалық драма театрының директор орынбасары, Ешбаева Айгерім Бостанқызы –жырау, аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің директоры, Кәрібаев Қасарбек Қосжанұлы –ақын, жырау, Қосжан, жыраудың ұрпағы, жыршылардың өнері мен орындаушылық шеберліктерін бағалады.
Жыр байқауына Динар Рахман /Қызылорда қаласы/, Азаматов Алмат /Қармақшы ауданы/, Малика Алдамжарова /Қармақшы ауданы/, Жалғасов Әлфараби /Арал ауданы/, Руслан Өтегенов /Қармақшы ауданы/, Думан Ахметов /Жалағаш ауданы/, Көшеней жырауға арналған арнау жырлар мен Сыр сүлейлерінің шығармаларын қазақтың қара домбырасында Сырдың сырлы мақам саздарына салып нақышына келтіре орындап, бақ сынасты.
Бақ пен баптары қатар шапқан жалынды да дарынды жас жыршылар қазылар алқасының шешімі бойынша арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.
Нәтижесінде Думан Ахметов /Жалағаш ауданы/ Бас жүлде, Руслан Өтегенов /Қармақшы ауданы/ І орын, Жалғасов Әлфараби /Арал ауданы/ ІІ орын, Малика Алдамжарова /Қармақшы ауданы/ ІІ орын, Азаматов Алмат /Қармақшы ауданы/, Динар Рахман /Қызылорда қаласы/ - ІІІ орындарды өзара бөлісіп арнайы Дипломдармен марапатталды.
Сахнада сұлу Сырдың жырларын әуелетіп, жыраулық дәстүрді дәріптеп жүрген жас жыршы – термешілерімізге алдағы уақыттарда шығармашылық мол табыстарды тілейміз.
Төбемізде арайланған азат күн,
Ғалам кезген ғаламаты ғажаппын.
Жампоз жырау, жалын жүрек- жыр дәуір.
Күміс көмей Көшенейі қазақтың!
Ия. Құлагердің құлынындай құлдыраңдап,жыр жауһарын дәуренінде дәрежелеп өткен Қармақшының кең дауыс, кемел болмысы күн көңіл Көшенейі елдігіміздің, теңдігіміздің тәуба жырындай ұрпақтар санасында мәңгілік жырды мұраттай бермек.

29 тамыз 2023 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031