» » Молдахмет - жырдың жорғасы

Молдахмет - жырдың жорғасы

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде Қазақтың ұлттық мәдениетінде өзіндік елеулі әдеби мұра қалдырған жырау Молдахмет Дабыловтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған "МОЛДАХМЕТ - ЖЫРДЫҢ ЖОРҒАСЫ" атты облыстық жас жыршы- термешілер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Жыр байқауын аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы ашып сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушы өнерпаздардың өнерін сараптайтын қазылар алқасы Жақсығұлов Серік Орынбекұлы - жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгі иегері, Қазылар алқасының төрағасы, Саденов Қыдырбек Өмірбайұлы – жыршы, №109 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазылар алқасының мүшесі, Ешбаева Айгерім Бостанқызы- жырау, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің директоры қазылық жасап, нәтижесінде І орын қармақшылық Руслан Өтегеновке, ІІ орын қазалылық Айдас Тұрарға, ІІІ орын Қызылордалық Гаухар Ахметқызына берілді.

Барлық қатысушылар арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Молдахмет жыраудың ұрпақтары Ғабит, Лиза апайлар арнайы қатысушыларға сый сияпаттарын жасап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Азаматтық, адамгершілік тұлғасымен халқының тарихында өшпейтін мұра қалдырған Молдахмет Дабылұлының есімі ұрпақтарымен мәңгі жасай беретіні ақиқат.

https://www.instagram.com/p/CrkM2qmqe_w/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
28 сәуір 2023 ж. 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031