» » » Тәрбие негізі ұлттық құндылықта

Тәрбие негізі ұлттық құндылықта


Білім бөліміне қарасты №106 орта мектебінің “Балауса” жазғы тынығу этнолагерінде “Тәрбие негізі ұлттық құндылықта” тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарга аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев, Иіркөл ауыл әкімі Ж.Төлегенов, Иіркөл ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Білжанов және мектеп ата-аналары қатысты.

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатындағы іс-шарада ұлттық тағам түрлері дайындалып, оқушыларымыз ұлттық спорт түрлерімен танысты.

Осы орайда балалар асық атып, атқа міну дәстүрін көрсетті. Ұлттық салт -дәстүрді дәріптеу мақсатында “тұсаукесер” рәсімі өткізілсе, “Әжем айтқан ғибратты әңгіме” демекші, ардагер әжеміз жас буындарға тәрбиелік мәні бар өзінің ғибратты әңгімелерін айтып, ақыл-кеңесін берді.

Шара соңы “Сoworking” орталығында қорытындыланды. Сан ғасыр­­лар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне ен­гізу арқылы ұлттың тұнып тұрған рухани байлығымен өскелең ұрпақты сусындату – басты парызымыз.

14 маусым 2024 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031