» » » Сыр елінде республикалық командалық айтыс өтті

Сыр елінде республикалық командалық айтыс өтті

Фото: Облыс әкімдігі
Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен «Руханият жылы» аясында Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы ақындарының арасында республикалық командалық айтыс өтті.
Аламан бәйгені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді.
Дүбірлі додада қос өңірдің ақындары айтыстың түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт айтысы жанрларында сынға түсті. Сондай-ақ, жыршылар мен термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер іс-шараның көрігін қыздырды.
Атап айтсақ, Шымкент қаласынан келген ақындар Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Мейіржан Жарылқап, Әнәпия Нұрғали мен жыршы Абылай Бөріханов, термеші Ербол Халмырзаев, күйші Қайырбек Қалиев, дәстүрлі әнші Тұрар Алменов өнер көрсетті. Өнерпаздардың бапкері – Анар Жаппарқұлова, таныстырушы – Батырхан Байданов.
Қызылорда облысынан Мұхтар Ниязов, Ержан Әміров, Мөлдір Айтбай, Бексұлтан Орынбасаров сынды ақындар додаға түсіп, жыршы Бисенбек Төлеубай, термеші Әділхан Қуаңбаев, күйші Алдияр Шағдатов, дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаева көрермендерге рухани демалыс сыйлады. Қызылордалық сайысқа қатысушылардың бапкері – Нұрмат Мансұров, таныстырушы – Нөсер Айдосұлы.
Сыр өңірінде алғаш рет өткен республикалық командалық айтыстың мақсаты – ақындар мен ұлттық өнер өкілдерінің рухани-мәдени сабақтастығын сақтау, дамыту, шығармашылық байланысты жетілдіру. Сөз құдіреті арқылы өскелең ұрпақты шешен сөйлеуге, тапқырлыққа, білімділікке, ақындыққа, дәстүрлі өнерге тәрбиелеу.
Командалық айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған топ қазылық етті. Оның құрамында профессор, айтыстанушы ғалым Қойлыбай Асанов, ЕНУ-нің кафедра меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазин, ақын Құдайберлі Мырзабеков, дәстүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев, жыршы-термеші Ерболат Шалдыбаев бар.
Өнер бәйгесінің қорытындысымен Қызылорда облысының командасы алға шығып, келесі айтысқа жолдама алды. Екі командаға бірдей құрмет көрсетіліп, әр ақынға 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Ал, жыршы, термеші, дәстүрлі әнші, күйшілерге 250 мың теңгеден табысталды. Командаларды таныстырған кішкентай өнерпаздарға қолөнер шебері дайындаған үкілі домбыра сыйға тартылып, Аманжол Әлтаев батасын берді, өнер жолындағы тұсауын кесті.Жеңімпаз атанған Қызылорда облысының командасына Қазалы ауданы әкімдігінің Әйтеке бидің 380 жылдығына тағайындаған “Бабалар аманаты” атты арнайы сыйлығы тапсырылды.
Сыр елінде өткен аламан айтыс тыңдарман көңілінен шығып, ұлы өнердің мерейін асқақтатқаны сөзсіз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
09 наурыз 2024 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031