» » Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті


 


Қызылорда қаласында республикалық ақындар айтысы өтті, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен кіл жүйріктер жиналған Сырдағы айтыс аламанында республикаға танымал ақындармен қатар қызылордалық жас ақындар да сынға түсті.
Жыр додасының ашылу салтанатында арқалы ақындарға қала әкімі сәттілік тіледі.
«Қызылордада дәл қазір ұлттық өнердің, айтыстың, Тәуелсіздіктің дүбірлі тойы басталмақшы. Бұл айтыс Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ауқымды шаралардың бастамасы болмақ. Ұлттық өнерге сусап қалған ағайынды рухани серпілтіп, жыр көрігін қыздырыңыздар», – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Текті өнерді төрге оздырып, ұлт мұрасы ұлықталған жыр додасында құрдастар әзілі, жастық жалын, іні мен аға сыйластығы көрініс тапты.
Дүлдүлдер дүбірінің әділ бағасын жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург Роза Мұқанова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла және ҚР мәдениет қайраткері, ақын, режиссер-сценарист Оңталап Нұрмаханов берді.
Тәуелсіздік тағылымын жастардың санасына сіңіру, азат елдің жарқын жетістіктерін кеңінен дәріптеу, рухани бай мұраны, қасиетті Отанды жырға қосуды мұрат еткен айтыс қорытындысында ІІІ орынды павлодарлық Рауан Қайдаров пен қызылордалық Ержеңіс Әбдиев қанжығаларына байлады. Сөз бәйгесінің ІІ-орыны өскемендік Серік Қуанғанға бұйырды. Арқалықтан келген Алаштың аяулы ақыны Айбек Қалиев пен атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров І орынды өзара бөлісті. Ақмешіттегі айтыс аламанында бас жүлдені Ақтаудан ат басын бұрып, Сыр жұртының алдында сәтті өнер көрсеткен Нұрлан Мұсаев иеленді.

07 ақпан 2021 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 567
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031