» » » Мектеп түлектерінің концерті

Мектеп түлектерінің концерті

qarmaqshy-tany.kz Өнер — ұлттың өлмес мұрасы. Сан ғасырлық тарихы мен өткен жолы, рухани қазынасы. Мәдениеттің жоғары сатысы. Ұлттық өнермен сусындап өскен бала – қатарынан кем болмақ емес. Бұл жас өрендердің екінші тынысын ашса, бір жағынан ертеңгі күні таңдайтын мамандығына да үлкен сеп.
Осы ретте Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық өнер мектебінде қалыптасқан жақсы дәстүр бар. Ол жыл сайын мектептен түлеп ұшқан дарынды да талантты жастардың өздері білім алған ордасына сәлем бере келіп, концерттік бағдарлама ұсынуы.
«Өнерім – өмірім» деп аталатын іс-шарада жоғары және арнаулы оқу орындарының өнер саласында оқуын жалғастырып жүрген студенттермен кездесу кеші биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оны аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева құттықтау сөзбен ашып, жас өнерпаздардың болашағына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, өнер мектебінің түлектеріне бөлім атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.
Кездесу кешіне өнер мектебінің шығармашылық ұжымы, шәкірттері мен олардың атааналары қатысты. Кештің мақсатына келсек, ізденушілердің өнер саласындағы қабілеттерін дамыту, музыкалық сауатын ашу, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру болса, одан бөлек дарын иелерінің әншілік өнерін ширату.
Кеште өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев сөз сөйлеп, талабын ұштап жүрген өнерпаздарға игі тілегін жеткізді.
– Кешке Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияда және Қызылордада білім алып жатқан студенттеріміз келіп, концерт беріп, өнерлерімен біраз шабыттандырып тастады. Өзімізден түлеп ұшқан түлектеріміз болған соң бізге әркезде де олардың әрбір қадамы ыстық. Алғаш рет өнер мектебінің табалдырығын имене аттаса, қазір олардың алды шетел сахнасында өнер көрсетіп, атымызды жақсы жағынан әйгілеп жүрген жайы бар. Балаларымыз үшін әрқашан қуаныштымыз. Бүгінде қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің күйлері мен шығармаларын орындап, тыңдарман көңілінен шықты. Домбыра, баян, фортепиано, саксофон және басқа да аспаптарда ойнап, өздерінің шеберліктерін көрсетті, – дейді мектеп басшысы.
Бағдагүл МӘДЕНОВА
16 қаңтар 2024 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031